Сауд Арабиясы биыл наурыз айында қажылықты тоқтатуға мәжбүр болды.
"Рейтер" агенттігіне екі дереккөздің хабарлауынша, билік қажылық квотасын қысқарту мәселесін қарап жатыр. Қажылыққа келгендерді дәрігер тексеріп, қарт кісілер қажылыққа жіберілмеуі мүмкін.
Дегенмен Сауд Арабиясы үкіметінің бірнеше мүшесі биыл қажылықты өткізбеуді жақтап отыр. Биыл қажылық тамыздың басында басталады.
Сауд Арабиясының билігі қажылыққа қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімет жариялаған жоқ.
Қажылықтан бас тарту немесе қажылық квотасын азайту - Сауд Арабиясының экономикасы үшін үлкен соққы болып отыр.
Ресми мәлімет бойынша, 2019 жылы 2,6 миллион адам үлкен қажылыққа, 19 миллион мұсылман кіші қажылыққа барған.
Abai.kz