Сенбі, 23 Қараша 2024
2763 1 пікір 10 Маусым, 2020 сағат 12:56

Н.Нығматулин: Бюджет қаржысы нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуі керек

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Үкіметтің  және  Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады. 

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бөлінген және жұмсалған бюджет қаржысы халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталып, нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуі керек.

Өткен жылы жалпы ішкі өнім өсімі 4,5% құрап, сыртқы сауда айналымы 97 млрд. долларға жетті. 2,7 млн. қазақстандықтың еңбек ақысы өсті. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру және аймақтарды дамытуда  13 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салуға мүмкіндік берді.

-Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап көрсеткендей, бұл «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы бағдарламаны және халыққа Жолдауды жүзеге асыру үшін Үкімет пен Парламенттің үйлесімді атқарған жұмысы, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен бірге, Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, талқылау қорытындылары ел басшылығының экономиканы түбегейлі реформалау бағдарламасын жасау қажеттілігі туралы нұсқаулары негізінде қарастырылуы керек. Түбегейлі өзгерісті, мемлекет қаржыларының мақсатсыз жұмсалуы талап етіп отыр.

Сонымен қатар, отырыс барысында Ұлттық қордан бөлінетін қаражат мәселесі қаралды.

Атап айтқанда, депутаттар Ұлттық қордан мақсатты трансфертке байланысты жоғары оқу орындарында жоспарланған коворкинг аймағын ашу мәселесін көтерді. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, 2019 жылы бұл мақсаттарға 663 миллион теңге бөлінген. Алайда, бұл қаражаттардың игерілмеуі 100 пайызды құрады. Үкімет есебінде мұның себебі қаржыландырудың басқа көздерін пайдалану мүмкіндігіне байланысты осы қаражатқа сұраныстың болмауымен түсіндіріледі.

Осы жайында, Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Ұлттық қордың қаржысын   шашуға болмайтынын, оның  әрбір тиыны қатаң бақылауда болып, ол қаржыларды ерекше жағдайларға ғана  пайдалану қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, талқылау барысында әлемдік дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешудің жаңа тәсілдеріне деген қажеттілік туралы айтылды.

-.Мемлекеттік бюджеттің  тиімді болуы  -  тек ғана  бөлінген  және  игерілген қаражатқа  байланысты емес. Ол  қаржылардың барлығы нақты экономикалық - әлеуметтік мәселелерді шешіп, халқымыздың өмір сапасын арттыруға ықпал ету керек. Бұл Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да алға қойған негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан, бюджеттің әрбір тиыны қайда және қандай мақсатқа жұмсалғаны алдағы уақытта да депутаттық корпустың бақылауында болады, - деді Нұрлан Нығматулин.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441