Мұғалім саяси партиялардан тыс болуы керек
Көптің баласын оқытатын мұғалім саяси партиялардан тыс болуы керек. Яғни жекелеген партиядан жоғары тұруы керек.
Мұғалім елімізде заңды түрде тіркелген кез-келген партияның халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуды көздейтін кез-келген бастамасын қолдауына құқылы..
Ал егер мұғалім жеке бір партияға мүше болса амал жоқ сол партия жарғысы шеңберінде жұмыс жасауға мәжбүр болады. Партияның жергілікті ұйымының жетекшісі заңды бұйрықпен қатар, ауызша тапсырмалар да беруі мүмкін екеніне 2019 жылғы президент сайлауында куә болдық..
Дауыс ұрлап ұсталған бірер мұғалім үшін Қазақстанның барлық мұғаліміне сөз келді..
Мәселен, мен ешқандай саяси партияға мүше емеспін.
Бірақ өткен жылы Нұр Отан партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының 1-орынбасарының халықтың тығыздығы жоғары Түркістан облысынан еңбек ресурстары жетіспей жатқан еліміздің солтүстік облыстарына жұмыс күшін тартуға серпін беру туралы бастамасын қызу қолдап, біраз шаруа атқардым.
Алдағы уақытта да елімізде заңды тіркелген кез келген партияның өзімнің жаныма жақын, азаматтық ұстанымыммен сәйкес келетін кез келген бастамасын қолдай беремін...
Өмір Шыныбекұлының әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz