Базар 13 маусымда жабылып, маңындағы 11 тұрғын үй кешенінде карантин жарияланды. Соңғы екі айға жуық уақыт ішінде Пекинде алғаш рет ондаған адамнан коронавирус табылуы біртіндеп бәсеңдеген карантин шараларын қайта күшейтуге мәжбүрлеуі мүмкін. Қытай симптомы жоқ науқастарды санамайды.
Пекиндегі жағдай былтыр жыл соңында Қытайда пайда болып, әлемге тараған вирусты жою қаншалықты қиын болатынын дәлелдей түседі. Қытай әлем бойынша ең қатаң карантин шараларын енгізіп, жағдайды сәл де болса бақылауға алған.
Соңғы мәлімет бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 7,7 млн-нан асты, 430 мың адам қайтыс болды. 3,7 млн адам жазылған.
Abai.kz