Коронавирус жұқтырған Біртановтың қызметін вице-министр атқарады
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырып, ем қабылдап жатқандықтан, оның қызметін уақытша вице-министр Лязат Ақтаева атқарады.
Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
- Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін уақытша вице-министр Лязат Ақтаева атқарады, - деді Ахметшәріп.
Елжан Біртанов 14 маусымда індет жұқтырғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр екен.
- Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз - пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр, - деген еді Диас Ахметшәріп.
Abai.kz