Жексенбі, 18 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2888 6 пікір 19 Маусым, 2020 сағат 15:41

Мәжіліс депутаттары Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Депутаттар Елбасының сарқылмас күш-қуаты мен ерік-жігерлілік  қасиеттері оған коронавирус індетін жеңуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Халық қалаулыларының пікірінше, Тұңғыш Президенттің кез-келген жағдайдан жол табатын ерекше қабілеті еліміздің қиын-қыстау уақыттарға төтеп беріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары осы күні барлық қазақстандықтардың Елбасына шынайы жанашырлық танытуы, халықтық қолдауын айғақтайтынын атап өтті.     

«Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығын және ұзақ ғұмыр тілейміз», - деді Мәжіліс депутаттары.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2701
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4429