Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 6681 26 пікір 22 Маусым, 2020 сағат 13:28

Путин: Бұрынғы одақтастар орыс жеріне қарық болды...

Тағы да Путин. Кремльдің 20 жылдан бергі қожайыны Владимир Путин тағы да ескі одақты есіне алыпты. «Москва. Кремль. Путин» дейтін бағдарламада. «Россия 1» арнасында. «Совет одағынан бөлініп шыққан елдер Ресей жеріне қарық болды», - депті. Әуелі, өз сөзі:

«Біздің егемендігімізге қатысты өзге де мәселелер бар ғой. Совет одағы құрылған кезде, келісімшартта оның құрыманын шығу құқы да жазылған. Ал оның (одақтан шығудың) тәртібі жазылмағандықтан, сұрақ туындайды. Егер қандай да бір республика Кеңес одағы құрамына қосылып, өз иеліктеріне ( в свой багаж-ред.) ірі көлемде Ресей жерін, дәстүрлі Ресей территориясын алып, кейін одақ құрамынан шығуға шешім қабылдаса, онда ең құрығанда, орыс халқының «сыйлығын» бірге ала кетпей, немен кірдің, сонымен шығуың керек қой. Осының ешқайсысы жазылған жоқ. Сондықтан, қазіргі Конституцияға өзгеріс енгізуді әбден дұрыс деп есептеймін», - депті.

Путин билігінің 20 жылдығы туралы арнайы әзірленген 51 минуттық деректі фильмнің соңғы 1 минутында Ресей Президентінің ескі одақтастар туралы айтқан аз сөзі желіде көп талқы тудырды. Владимир Путин өз сөзінде бұрынғы 15 одақтас елдің нақты қайсысын меңзегенін ашып айтпаған. Десе де, желі қолданушылары «Путиннің бұл сөздері «сигнал» екенін айтып жатыр. Солардың бірі Асхат Қасенғали:

Шикізаттан басқа түк өндірмейтінімізді ОПЕК саясаты бетімізге әдемі "былш" еткізді. Тіл - тас жарады.... Alashainasy.kz

Путинге себеп, бізге уақыт керек!

- Мәссаған. Бұл сөздерді Украинаға қарата айтып отырған сияқты. Қырымды тартып алуын дұрыс және тарихи әділеттілік етіп көрсеткісі келеді. Алайда бұл біз сияқты елдерге сабақ болатын дүние.

Жалпы Путин қазақ тарихын мойындаған емес. Онысын талай мәрте айтып та қалды. «Қазақта мемлекет деген болмаған» деуінің өзі неге тұрады. Осы сөзінен-ақ оның біздің тарихи территориямызды мойындамайтынын аңғару қиын емес. Демек, біз үшін Қырым сценарийі қашанда ашық тақырып болып қалады.

Президентіміздің қазіргі қадамы дұрыс. Қолдаймын. Әр қадамды барынша байыппен, мысықтабандылықпен басуы тиіс. Солай етіп келе жатыр. Қатты басса сынып кетеді. Путинге де керегі сол. Ол ұрынарға қара іздейді. Себебі бұрынғыдай: «орыс әлемін қорғау», «орыс тіліне қысым жасаушыларды жазалау» деген ұран.

Біз «латын әліпбиіне көшеміз» дегенде Ресей шулап кетті. Орыстарға қысым жасалады деді. Бірақ 2025 жылға дейін созу арқылы тағы да уақыт ұтуға амал жасадық. «Орыстар көшпейді, қазақ тілінің реформасы» дедік. Бәрін бірден көшірсек, «орыс әлеміне қауіп» деп, бас салуға дайын еді. Амалын таптық.

Енді міне, әйтіп-бүйтіп ЕАЭС туралы құжаттарды «піспеген», «әлі талқылау керек» деп уақыт созып жатырмыз. Халық «ой бірден бас тарт», «өзіміз білеміз» деп қызуқандылықпен айта береді ғой. Алайда саясат баланың құмдағы ойыны емес. Сәл жаңылысу, қанды қырғын мен қақтығыс туындатуы мүмкін. Сондықтан әр қадамда президенттің сақ болуы заңдылық.

1-шілде Ресейде Конституцияны өзгерту бойынша дауыс беру өтеді. Халықтың 70% Путин саясатын қолдамайтыны сауалнамалар арқылы белгілі болды. Әрине, тәуелсіз зерттеушілердің пікірінше. Биліктік зерттеуде Путинді 99,99% қолдап тұр ғой. Бұл дауыс берудің нәтижесі белгілі. Халық не айтса да, билік қалаған нәтиже дайын. Енді Путин өз құлаған рейтингін көтеруі тиіс. Халыққа берер не ақша, не ресурсы жоқ. Оның тек рухын көтеріп қоюға шамасы жетеді. Қырымды басып алғанда Путин рейтингісі ең жоғары көрсеткішке жетті. Бірақ қазір оның дәмі кетті. Жаңа жемтік керек. Халыққа идеологиялық азық лақтыруға міндетті. Түсініп отырсыздар ғой. Белоруссия болуы мүмкін. Өйткені оларда да сайлау, ресейлік күштер арандатып жатыр. Бірақ, Қазақ Елі де бар жағдайға дайын болуы міндетті. Президент оны түсініп отыр. 2014-тен бастап біздің әскер гибридтік соғысқа барынша дайындалды деп ойлаймын. Алла сақтасын әрине, бірақ сақтықта қорлық жоқ.

Бізге қуатты болу үшін уақыт керек. Қазақ көбеюі шарт. Ал демография тек бейбітшілікте алға басады.

Мемлекет солтүстікті ғарыш жылдамдығымен қазақыландырудың амалын табу керек. Солай істеуге мәжбүр. Қандастарды о баста сол жаққа қоныстандыру қажет еді. Қателік жібердік. Бірақ, қазір оны айтып отырар уақыт жоқ. Көшем деген қазаққа шаруашылығына мал, басына үй, қолына қос күрек болар жұмыс беру шарт. Ел қазынасы үшін біраз қаржы, бірақ мемлекеттік мүдде үшін маңызды. Солтүстік және шығысқа қажет шаралар.

Біз қаншалықты бейбітшілікті ұзақ сақтасақ, соншалықты болашақтағы қақтығыстарда жеңімпаз атану мүмкіндігіміз артады. Ең дұрысы бізге тиіскеннің мұрны қанайтынын көрсету, ол үшін қуатты әскер, мықты идеология мен экономика қажет.

Путиннің аңсаған «жұмағы» - КСРО!

Шынтуайтына келгенде Владимир Путин бұрынғы Совет одағы туралы алғаш рет айтып тұрған жоқ. Совет одағының күйреуіне өте-мөте өкінетінін, ретін тапса, одақты қайта құрғысы келетінін талай рет айтқаны ел есінде. Біздің есімізде.

Путин 2019 жылдың 1 қазанында Ераванда жүрген сапарында, өзіне тікелей бағынышты, про-кремльдік пропоганданың айтаршысына айналған «Россия 1» арнасының тілшілеріне сұхбат берген.

«Бұрынғы КСРО елдері біріккен кезде ғана бәсекеге қабілетті болады!»

«Өткен шақтың, әсіресе Совет одағының, Совет империясының қайта құрылуына қатысты қандай да бір үрей-қорқыныштан арылған соң, күш біріктірудің барлығы үшін пайдалы екені туралы түсінік туады. Бұл мүмкіндікті, бұл басымдықты процесстің барлық қатысушылары көріп, біліп отыр. Біз әрі қарай жылжып, жаңа қадам жасап, алға басып келеміз», - деген Владимир Путин.

Ресей президенті өз сөзінде: «біріккен кезде ғана бәсекеге қабілеттілік деген болады. Бұрынғы КСРО елдері үшін де солай», - деп сөйлеген.

«Біздің ортақ тіліміз бар. Ұлтаралық, мемлекетаралық қарым-қатынас тілі - орыс тілі. Барлық елде орысша еркін сөйлейді. Бұл үлкен басымдық. Бізде бұрынғы ортақ мемлекетімізден қалған ортақ транспорт, ортақ энергетика,  ортақ байланыс инфрақұрылымдары бар. Бұл тағы бір басымдық», - дейді Владимир Путин.

«Совет одағының жоқтығына өкінемін

Тағы да 2019 жыл. Тағы да Совет одағы жайлы:

«Мен Совет одағының жоқтығына өкінемін. Бұл олардың құқығы. Бірақ егер біздің мемлекетаралық қатынастарымыздың бүгінгі ерекшеліктеріне байланысты кейбір мемлекет басшылары келмесе, олар үшін бұл үлкен қателік болады деп ойлаймын. Себебі бұл олардың өз Отандарының тәуелсіздігі үшін соғысып, өмірлерін қиған адамдарға лайықты құрмет көрсетпейтіндігін білдіреді», - деген болатын Путин.

Жатса, тұрса есілдерті ескі одақ болған Путин КСРО-ны қайта құру туралы бүгін ғана айтып отырған жоқ, расында. Бұған дейін де бірнеше жерде шұбарлап сөйлеп, шет жағасын айтып жұрді. Одан қалса, салғыласқанда өз түкіріктеріне өздері шалала сөйлейтін саясаткерсымақтардың аузына сап беретін.

Енді міне, Украинаны меңзегендей болып, бұрынғы одақтас елдердің барлығына бір соқтығып сөйледі. «Одақтан кеткенде орыстың жарты жерін ала кеттіңдер», - деп сөйледі. Бұл да қазақ қоғамына, қазақ билігіне ой салуы керек-ақ!

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475