Қытайлық эксперттер Қазақстанда ауру санының көбейетінін жазған
Қытайдан кейін коронавирус пайда болған елдердің бірі - Оңтүстік Корея. Аталған елде ең алғашқы індет жағдайы қаңтардың 27-і тіркелді. Содан бері шамамен 5 айдың ішінде 51.5 млн.халқы бар Кореяда вирус жұқтырған 12 306 адам тіркелген. Ал індеттен көз жұмғандар саны 280-ге жетіп тоқтап тұр.
.
Халық саны олардан шамамен 3 есе аз біздің елде індет жағдайы наурыздың 3-де тіркелді. Содан бері 3 айдың ішінде ауру саны Кореядан едәуір асып кетті. Өлім жағдайы да қарқынды өсіп жатыр.
.
Естеріңізде ме, алдынғы айда біздің тарап Қытайдың медициналық бригадасын алдыртып еді ғой? Бірақ, олардың нақты қандай пайдасы тиді? Олар не үйретті? Ол туралы ресми мәлімдеме жасалмады.
.
Қытайлық эксперттердің тұжырымдамасын өздерінен оқыдым. Онда Қазақстанда вирусты анықтау жолдарының қиындығы, ауруды анықтайтын орындардың жеткіліксіз екендігі айтылған. Сол себепті келешекте Қазақстанда ауру санының көбейетіні туралы жазылған.
.
Жалпы ауруды ауыздықтау 85% профилактикалық жұмыстарға, тек 15%-ы емдеуге тәуелді. Сондықтан да, індетті бақылауға алған Корея сынды елдер жеңіске ауруды алдын-алу шараларының мықтылығынан жетіп отыр. Өйткені, коронавирусты емдейтін вакцина ешкімде жоқ.
.
Суретте көргендеріңіздей, Корея аз уақытта ауруды анықтайтын арнайы дүңгіршектерді көшелерге тізіп тастады. Онда пациент пен дәрігерде еш контакт болмайды. Далада орналасқандықтан табиғи түрдегі ахуал вирустың бір жерде қонақтап қалуына мүмкіндік бермейді. Тарамайды. Әрі тексеру уақытын 1.5 есеге азайтатыны жазылған. Сондай-ақ, медбикелерге N95 маскасы мен арнайы қорғаныш киімдеріне мұқтаждық тумайды.
.
Бұл ауруды алдын алудың бір ғана тәсілі. Бір қарағанда пайдасы шамалы көрінетін шығар. Бірақ аурумен күресте шешуші рөл атқарып жатқан дәл осындай шешімдер. Себебі, тағы да айтамын, ауруды тек емдеп емес, қорғану шараларын күшейту арқылы ғана еңсереміз.
Ертай Нүсіпжановтың әлеуеметтік желідегі жазбасы
Abai.kz