Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды.
Бұл туралы ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.
- Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын сақтағаныма қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын.
Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз!, - деп жазды Мұхамбетов.
Abai.kz