Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
3226 1 пікір 24 Маусым, 2020 сағат 17:12

Қырғыз президентінің екі көмекшісінен вирус табылып, Жээнбеков Жеңіс шеруіне қатыспады

Ресейге барған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің екі көмекшісінен коронавирус табылып, қырғыз басшысы Жеңіс шеруіне қатыса алмай қалды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

"Алгоритмге сәйкес, президент Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысудан бас тартты. Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің басшысы Данияр Сыдықов және күзет қызметінің өкілінен ауру анықталды" делінген президенттің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусым таңертең жарияланған видеода Сооронбай Жээнбековтің Кремльге келгені көрінген. Бірақ ол Ресей президенті Владимир Путинмен көпшілік алдында қол алысып, амандасқан мемлекет басшыларының арасында болмаған.

Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад Мәскеуде Нұр-Сұлтан уақытымен күндізгі сағат 1-де басталған. Оған қатысып жатқан мемлекет басшылары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Бұған дейін көптеген елдер эпидемиологиялық ахуалға байланысты парадқа қатысудан бас тартқан еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1560
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3176
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1166
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1085