Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 5609 13 пікір 27 Маусым, 2020 сағат 14:55

Үкіметтің ұсынысы: 10 тамыз - «Абай күні»...

Үкімет 10 тамызды «Абай күні» деп белгілеп, ресми мерекелер қатырына енгізбек. Бұл туралы ресми құжат «Ашық Үкімет» порталында жарияланды.

Премьер-министр Асқар Маминнің арнайы қаулысы қоғамдық талқылауға ұсынылған. Қаулы мәтіні кеше, 26 маусым күні жарияланған. Қоғамдық талқылау 13 шілдеде аяқталады деп көрсетілген.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы құжатта:

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы  № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53,  343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін.

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Абай күні – 10 тамыз»», - деп жазылған.

Айта кетейік, биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Ұлы ақынның мерейтойын ұйымдастыру жөнінде арнайы мемлекеттік комиссия құрылған. Оған Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жетекшілік етеді.

Жоғарыдағы «Ашық Үкімет» порталында «Абай күнін» белгілеу туралы Үкімет басшысының қаулысымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешевтің «салыстырмалы кестесі» де жарияланыпты. Онда:

«Жоба «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаевтің 2020 жылғы  21 мамырдағы № 20-1074-1 тапсырмасын орындау үшін әзірленді», - деп жазылған.

Президент пәрмен беріп, биыл Абай мерейтойы ел аумағында аталып өтілетінін жоғарыда айттық. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі республика көлемінде ұзын-ырғасы 500-ге жуық іс-шара ұйымдастырылатынын айтқан. Ол үшін бюджеттен қаржы қарастырылып, Қырымбек Көшбербаев басшылық ететін арнайы комиссия іс-шаралар жоспарын да бекіткен.

Содан кейін өңірлерде бірлі-жарым мәдени іс-шаралар өткізіле бастады. Абайдың есімі көшелер мен мектептерге берілді. Бұл туралы ақпараттарды порталда жарияладық. Солардың ішінде ауыз толтырып айтары – Семей қаласындағы әуежайға Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Одан бөлек, Семей өңіріне облыс мәртебесін қайтару туралы ұсыныстар дүркін-дүркін айтылып жатты. Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған сол ұсыныстардың бірсыпырасы міне:

1. Талғат Теменов:

«Семей облысын қайта ашса нұр үстіне нұр болар еді»,

2. Ғаббас Қабышұлы:

«Исі қазақтың рухани бесігі – Семей облысы қалпына келтірілсін!»,

3. Оразалы Сәбден:

«Абай облысын құру туралы».

Бұл ұсыныстар ҚР Президентіне, ҚР Үкіметіне қатара айтылғанымен, қазірге дейін Ақорда мен астана жақтан ресми пікір айтылған жоқ. Десе де, кеше Үкімет басшысы қаулы шығарып, «Абай күнін» белгілеуді ұсыныпты. Қоғамдық талқыға салыпты. Ендеше бірге талқылайық...

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340