Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2638 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 07:31

Айжан КӨШКЕНОВА. Халықты қайта санаймыз ба?

Биылғы жылы өткен 2-Ұлттық санақ нәтижелері күмән тудыруда. Егер санақ сапасыз шықса, оны сарапшылар қайта өткізуді ұсынады. Сонда 1 миллиард теңгеден астам ел қаржысы сарп етілген маңызды мемлекеттік шара нәтижесіз болғаны ма?!

Санақтағы сан мен сапа
«Егер әр есепші әр бір ере¬сек адамның есігін қағып, бар¬лық сұрақтар бойынша жауап алуы керек болса, қан¬дай сапа туралы айтуға бо¬ла¬ды?» – дейді демограф Ма¬қаш Тәтімов. Соңғы санаққа дейін елде 15 миллионнан ас¬там халық тұратындығы анық¬талған. Олай болса, бар-жо¬ғы 58 мың есепшінің он шақ¬ты күн ішінде елдегі онда¬ған миллион азаматтан 45 сұ¬рақ бойынша тәптіштеп жауап алуы қисынсыз көріне¬ді.
Әрине, осыдан кейін есеп¬шілердің тұрғындардың аты-жөндерін ғана жазып алып, маңызды деген сауалдардың өзін ескерусіз қалдыруына немесе кейбір аудан азамат¬тары¬ның санатқа мүлдем қо¬сы¬лмай қалуына таңырқауға болмас. Бұл фактілер жөнін¬де «Айқын» газеті санақ нау¬қаны кезінде бірнеше мақала жариялаған («Санаққа кім салақ?» «Санатта жоқтарды кім санайды?» және т.б).

Биылғы жылы өткен 2-Ұлттық санақ нәтижелері күмән тудыруда. Егер санақ сапасыз шықса, оны сарапшылар қайта өткізуді ұсынады. Сонда 1 миллиард теңгеден астам ел қаржысы сарп етілген маңызды мемлекеттік шара нәтижесіз болғаны ма?!

Санақтағы сан мен сапа
«Егер әр есепші әр бір ере¬сек адамның есігін қағып, бар¬лық сұрақтар бойынша жауап алуы керек болса, қан¬дай сапа туралы айтуға бо¬ла¬ды?» – дейді демограф Ма¬қаш Тәтімов. Соңғы санаққа дейін елде 15 миллионнан ас¬там халық тұратындығы анық¬талған. Олай болса, бар-жо¬ғы 58 мың есепшінің он шақ¬ты күн ішінде елдегі онда¬ған миллион азаматтан 45 сұ¬рақ бойынша тәптіштеп жауап алуы қисынсыз көріне¬ді.
Әрине, осыдан кейін есеп¬шілердің тұрғындардың аты-жөндерін ғана жазып алып, маңызды деген сауалдардың өзін ескерусіз қалдыруына немесе кейбір аудан азамат¬тары¬ның санатқа мүлдем қо¬сы¬лмай қалуына таңырқауға болмас. Бұл фактілер жөнін¬де «Айқын» газеті санақ нау¬қаны кезінде бірнеше мақала жариялаған («Санаққа кім салақ?» «Санатта жоқтарды кім санайды?» және т.б).
Анкетадағы сауалдардың са¬ны ғана емес, мазмұны да үл¬кен күмән тудырыпты. Тә¬ті¬мов сұрақтарды әзірлеуде өрес¬кел қателер кеткенін алға тар¬тады. «Мысалы, 15 мың тең¬ге немесе 1 мың доллар ай¬лық алатынын кім ашық ай¬та салады? Немесе жұмысқа қа¬лай жететіндігі туралы сұ¬рақ тіпті артық... Ең бастысы – демографиялық көрсеткіш¬тер, отбасы жағдайы, бала туу, ұлттық тіл, қалғаны – екін¬ші кезектегі мәселелер», – дейді зерттеуші.
Санақтың нәтижелеріне се¬натор Ғани Қасымов та сен¬бейді. «Біз осы санаққа дейін ха¬лық саны 15 млн 14 мың деп жүргенбіз. Ал бұл санақ 16 млн 400 мың екенін көр¬сет¬ті. Бәріміз таң-тамаша бол¬дық: айырмашылық сонда мил¬лионға жеткен бе?! Ал қа¬зір мен оған сенбеймін. Мүм¬кін біздің санымыз 19 млн шы¬ғар?!» – дейді Ғани Қасымов. Өйт¬кені, ол сайлаушы¬лары¬нан санақ кезінде үйлеріне есеп¬шілердің келмегендігі, са¬наққа алынбағандығы жайлы арыз¬ды жиі естігенін айтады. Бі¬рақ оның Үкімет басшысы¬ның аты¬на арнайы депутат¬тық сауал жолдауына мүл¬дем бас¬¬қа жайт түрткі болып¬ты.
Маусымның 2-күні бюд¬жет ақшасын талан-тара¬жыға сал¬ғаны үшін Статистика агент¬тігінің төрайым орынба¬сары Нұрман Баянов ұстал¬ған. Мемлекет қазынасынан са¬наққа бөлінген қомақты қар¬жының (1 млрд 144 млн) тек 30 пайызы ғана (379 млн) өзі¬нің негізгі мақсатына жұм¬салса, қалғаны лауазым ие¬лері мен жеке кәсіпорындар арасында бөліске түскен.
«Егер санақ жоспарланған қаржының үштен бір бөлігін ғана қамтыса, онда оның нә¬ти¬желері сенімді болуы мүм¬кін емес. Ақшаның барлығын игермей, адамдарды толық қам¬тымай, жұмысты аяғына дейін жеткізген жоқпыз», – деп нық мәлімдеді депутат. Сондықтан ол өзінің Премьер-министр атына жолдаған сауалында ұлттық санақты қай¬тадан күзде өткізуді ұсын¬ды. Алайда ол әзірге үкі¬мет¬тен өз сауалына жауап ал¬мап¬ты.
Санақ-2 бола ма?
Қаржылық олқылықтарды са¬нақ нәтижелерімен байла¬ныс¬тыруға болмайды деп есептейді БҰҰ қорының (ЮНФПА) тұрғын халық пен даму мәселелері жөніндегі үй¬лестірушісі Ғазиза Мол¬да¬құлова. Оның сөзіне қараған¬да, 2008 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында ал¬дын ала ұйымдастырылған сы¬нақ санақ барысын халық¬ара¬лық сарапшылар мұқият са¬раптаған. Алайда олар ха¬лық¬аралық талаптарға қай¬шы келетіндей өрескел қа¬те¬лік¬тер таппаған. Осыдан кейін ғана биыл санақ өткізілген. Оған қатысқан есепшілердің бәрі арнайы жаттығудан өт¬кен. Санақ бойынша халықты ақ¬параттандыру жұмысы да, ма¬манның пікірінше, жақсы жүр¬гізілген. Ал санақтағы кей¬бір кемшіліктер кез келген ел¬де болатындығын айтады Мол¬дақұлова.
Санақта бірер пайыз қате¬лік¬тің кетуін статистика сала¬сының маманы Ерболат Мұ¬са¬бек те жоққа шығармайды. «Санақшылардың жұмысына нем¬құрайлы қарау сал¬дары¬нан олқылықтар болды. Бірақ санақтың әдістемесімен та¬нысып шықтым. Онда жа¬зылғандардың бәрі халық¬ара¬лық талаптарға сай. Бәрі дұ¬рыс өткізілді», – дейді сарап¬шы. Ол қайтадан «дубль» са¬нақ жасауды жөн сана¬май¬ды. Өйткені оның ойынша, «ең бастысы – осы жолғы са¬нақ қорытындыларын 1999 жыл¬ғы санақ нәтижелерімен салыстыруға болады».
Ал санақтың заңсыздығы жө¬нінде тұжырым жасау үшін оны тек нақты факті¬лер¬мен дәлелдеу керектігін тілге тиек етеді халықаралық сарап¬шы Молдақұлова. Ол үшін арнайы комиссия құ¬рып, республика бойынша бар¬лық заңсыздықтар анық¬талуы тиіс. Осыдан кейін ғана арнайы мамандар санақтың қалай өткендігі жайлы қоры¬тын¬ды жасай алады. Бірақ қо¬сымша тексеріс өткізген жағ¬дайда тағы мемлекеттің қы¬ру¬ар ақшасы ысырап бола¬тын¬дығына айтады сарапшы.
«Рас, санақ – он жылда бір рет өтетін өте қымбат шара, ұлы науқан. Ол сапалы болуы тиіс», – деп есептейді Тәтімов. Сон¬дықтан ол санақты бір жыл¬дан кейін үлкен даярлық¬пен қайта жасауды жөн са¬най¬ды. «Бұл мини-санақ бо¬ла¬ды. Оны келесі жылы 25 ақ¬паны мен 6 наурыз аралы¬ғын¬да өткізген дұрыс. Өйткені осы уақыт аралығында өт¬кен¬ді тексеріп, қателер болса тү¬зе¬тіп, зерттеуге болады», – дей¬ді маман. Оның пікірінше, қайтара санақ өткізілсе, өткен кемшіліктерді қайталамай, көп сұрақтарды тізбелеудің қа¬жеті ша¬малы. «Ең басты сұ¬рақтар¬ды қойып, тез-тез, әр адам¬ды есепке ала отырып, шы¬найы ақпарат алуға қол жет¬кізуге тиіспіз» дейді Тәтімов.
Әйтпесе, өткен науқанда «олар жаппай санақ жүр¬гізу¬дің орнына 10 пайыздық ірік¬теу сауалнамасын ғана өт¬кі¬зіп, оны «республикалық ха¬лық санағы» деп атаған», – дей¬ді демограф ғалым. Бірақ дәл осы 10 пайыз, оның ойын¬ша, қазіргі Қазақстанның шы¬найы тіршілігін мүлдем бұр¬ма¬лап жіберуі кәдік.

 

 

Айжан КӨШКЕНОВА
«Айқын» газеті 25 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371