Сенбі, 23 Қараша 2024
3269 0 пікір 1 Шілде, 2020 сағат 15:05

Елбасының Қазақстанның конституциялық құрылысындағы рөліне арналған кітап таныстырылды 

2020 жылғы 1 шілдеде «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысындағы рөлі: Елбасы тәжірибесі» атты кітаптың онлайн-таныстырылымы болды.  

Оны Конституциялық Кеңес және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырды.

Кітап Республика Тұңғыш Президентінің мерейтойына  орай дайындалды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында шығарылды. Ол Тұңғыш Президенттің Негізгі Заңды дайындау мен іске асырудағы, еліміздің қазіргі саяси-құқықтық жүйесін құрудағы басты рөлі туралы баяндайды.

Таныстырылымды аша отырып, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми 1995 жылы жаңа Конституцияны әзірлеу туралы шешім қабылдау Республиканың Тұңғыш Президентінің батыл қадамдарының бірі болғанын атап өтті. Кейіннен 30 тамызда өткен референдумда Конституцияның мақұлдануы оған жоғары легитимділік берді. Елбасы стратегиясы және Қазақстан халқының ерік-жігері үндестік тапты. Осы өткен ширек ғасыр Қазақстан Республикасы Конституциясының тиімділігі мен прогрессивтілігін көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары еліміздің азаматтарының сұраныстарына жауап беретін Ата Заңның  жоғары сапасына, онда жарияланған құндылықтардың мызғымастығына байланысты, деп атап өтті спикер.

Бағдарламаға сәйкес авторлық ұжымның өкілдері - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары И. Рогов, Конституциялық Кеңестің мүшесі В. Малиновский және КАЗГЮУ құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ директоры С. Ударцев сөз сөйледі.

Өз сөзінде И.Рогов еліміздегі конституциялық құрылыстың жаңаша тарихы қазіргі Қазақстанның және оның саяси-құқықтық жүйесінің негізін қалаушысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Шетелдік тәжірибені және озық құқықтық технологияларды пайдалана отырып, отандық заңгерлердің жетістіктеріне сүйене отырып, Елбасы, бір жағынан, халықаралық стандарттарға жауап беретін, ал екінші жағынан, егеменді, тиімді жұмыс жасайтын нағыз қазақстандық құқықтық жүйені құрды, деді.

Кітапқа халықаралық сарапшы, Грузияның Конституциялық Сотының бұрынғы төрағасы, Әділет министрі Георгий Папуашвили жоғары баға берді.

Таныстырылымға қатысушылар Республиканың Тұңғыш Президентінің қызметі Қазақстандық конституционализмнің барлық құрамдас институттарында ерекше маңызға ие деген ортақ пікірге келді. Елбасы Стратегиясы Қазақстанды демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде бекітуге бағытталған.

Таныстырылымға Конституциялық Кеңестің құрамы, Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, сондай-ақ белгілі отандық және шетелдік қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.

Кітап еліміздің кітапханаларында, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайттарында қолжетімді болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351