Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4027 1 пікір 2 Шілде, 2020 сағат 11:29

Мен + Сен + Ол = Біз

Індетсіз өскен ұрпақ "індет" дегеннің не екенін әлі толық ұқпай жатыр.

Мұндай індет 1945-47 жылдары обадан болыпты. 1968 жылы қатал қыста меннингиттен көп адам ауырды. Ол кездегі медицина ол қауіпті еңсерген екен.. Содан бері елімізде қазіргідей эпидемиялық жағдай болмаған. Яғни, біздің халықта үш-төрт ұрпақ арасында медициналық тұрақты жағдай болған.
Қазір ескертулерге қарамастан біздің санамыз "індет" дегенді қабылдай алмай жатыр.

Сондықтан, мемлекет карантин үстінен карантин жариялау шарасына баруы мүмкін. Егер осыны ұғып, сақтану шараларына жаппай жұмыла көшпесек - бізге әлемдегі ешбір медицина көмек бере алмай қалады.

Өткенде ТВ-да "Халық тойды күтіп отыр. Рұқсат берілсе ресторандарға лап қоймақшы" деп өзеурей сөйлеген асабаларға: "Өздеріңді сақтаңдар! Жассыңдар. Жасырын тойларға барам деп, ертең - індетті жеңіп, карантин біткенде - өтетін Ұлы тойлардан шет қалып қалмаңдар!" деп кеңес беремін.

Әбдірашит Бәкірұлының жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351