Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4101 0 пікір 26 Маусым, 2009 сағат 07:42

Әуезов жазған Саурық кім?

 

 

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қилы за¬ман» хикаяты көпке жақсы таныс. Кі¬таптың бас кейіпкерлері – Ұзақ батыр мен Жә¬меңке бастаған патшалық Ресейдің отар¬шылдық саясатына қарсы көтерілген 1916 жылғы Қарқара көтерілісі шы¬ғар¬ма¬ның негізгі арқауы болғанын оқырман жақ¬сы біледі. Ұлы қаламгер оқиғаның қа¬сиетті ошағы Қабан-Қарағайдан бастал¬ға¬нын, осында Ұзақтың ақ бозы азат¬тық¬тың алғашқы құрбаны болып, ант қабыл¬да¬ғанынан бастау алғандығын жазады. Осы жиында данагөй Албанның Райым¬бек, Саурық бастатқан қадірлі ұлы аруақ¬та¬рының бәрін атап тұрып, Жәмеңке: «со¬лар¬дың оң сапарын бер» деп, мойнына бұр¬шағ¬ын салып тұрып тілек қылып, бір әкенің ба¬ласындай бір ниетке тас түйін болып буыл¬ған елге ақ батасын берді» деген жол¬дар бар. Ұлы жазушы осы көріністе Сау¬рықтың кім болғандығынан оқырманға аз да болса хабардар етеді. Кітапта атақты Ра¬йым¬бек батырдан кейін Саурықтың аты ата¬луы оның тегін адам еместігін білдірсе ке¬рек. Ұлы жазушы бұл жерде Саурықтың елге танымал болғандығын қысқаша сюжет ар¬қылы берген. Ендеше осы Саурықтың кім бол¬ғандығын оқырман әлі де толық біл¬мейтіні кімді де болсын ойландырары анық. Көп¬шілік шапырашты Саурық ба¬тыр¬ды ға¬на біледі. Оқырманның көкейінде қалған Ұзақ¬тың әкесі Сау¬рық¬тың қандай ерлік жа¬сап, ел есінде қалғандығы осы күнге дейін көп¬ке жұмбақ күйінде қалып келеді. Біз осы сұраққа орай ел ішінде әлі де айтылып ке¬ле жатқан әңгімелерге назар аударуды жөн көрдік. Батыр туралы ел аузында әлі де ай¬тылады. Ақ патшаның отарлау сая¬са¬тына қар¬сы шығып, соның құрбаны бол¬ған Сау¬рық қалмақтардың соңғы демін өшір¬ген батыр ретінде ел есінде сақталған. Бі¬рақ ол жайындағы әңгімелер ауызша ға¬на жеткен. Ал Мұхтар Әуезовтің шығар¬ма¬сы¬нан кейін Саурықтың есімі Же¬тісудің дүл¬дүл ақыны Көдек Байшы¬ған¬ұлының өт¬кен жылы жарық көрген «Қай¬тейін, жал¬ған дүние...» атты жыр кітабында кез¬деседі. Он¬да батыр Ұзақтың арғы аталары мен әке¬сі Саурық жөнінде мағлұматтар аз емес. Ақын:
...Айттағы Сайынбөлек, Құрманда Алпар,
Бұларды туа Қызыр шалып өткен, –
деген өлең жолдарындағы Алпардың бел ба¬ласы Саурықты ақын жырға қосқан. Әкесі за¬манында дәулетті, ірі бай, елге қайы¬рым¬ды, зор бедел иесі болғандығын Көдек ақын айта келіп, атасы Түменбай би де қазақ пен қыр¬ғызға танымал болғандығын жырлайды. Арғы аталары Әлмеректен бастап, жоңғар шап¬қыншыларына қарсы күрескен ұрпақ¬тан тараған Алпардың Қолаң бәйбішеден ту¬ған Саурық, Іліпбай және Сәске де қол¬да¬рынан найзасы түспеген батырлар болса, оның басқа да алты әйелінен өрбіген ұрпақ ал¬д¬ыңғы ағаларына ілесіп, елін, жерін жау¬дың шапқыншылығынан қорғағандар. Бұ¬лар¬дың ішіне інісі ақын, әрі күйші Шалтабай да қосылған. Ұлы қаламгердің бас кейіпкері Ұзақ¬тың ата бабасы осылай дүниеден өтсе, әкесі Саурықтың ерлігі де елдің есінде қалуы бе¬кер емес. Жоңғарлар қазақтың қолынан қат¬ты жеңілгеннен соң көп уақыт ес жия ал¬май тыныш жатып, кейін қайта бас кө¬тереді. Тыныш жатқан Жетісу жеріне маза бер¬мей малын барымталап, елін шауып, тұт¬қындаған кездері де аз болмаған. Осындай уа¬қыттың бірінде бозбала Саурық та қал¬мақ¬тың қолына түсіп, тұтқында болады. Бұл азап¬ты өмірден қашып құтылған Саурық ел¬ге келіп, қол жинап, жауды қайта бас кө¬тер¬тпейтіндей етіп шабады. Соғыс Құл¬жа¬ның бергі жағы Текестен басталып, одан әрі Жұлдыз, Таясу деген жерлерде өтеді. Ол кезде қал¬мақты Бүргә әмбі деген батыры басқа¬рып, екі жақта соғыс жүреді. Соғыстың жой¬қын болғандығы соншалықты, қалмақ¬тар¬дың есінде әлі күнге дейін сақталып қал¬ған¬дығы туралы әңгіме бар. Қазіргі Құл¬жа¬ның арғы-бергі жағын мекендеген қал¬мақ¬тар¬ қара қасқа ат мінген Саурықтың шап¬қандығын әлі айтады. Және де олар күні бү¬гінге дейін қара қасқа жылқы ұстама鬬ды. Себебі біздің түбімізге жеткен қара қас¬қа атты Саурық деп, ондай жылқы ба¬ласын төл кезінде не сатып, не сойып тас¬тай¬ды. Мұндай әңгімені біз 1990 жылдары Қы¬тайдың Мұңғұл күре ауданына барған са¬парымызда сол жақтан естідік. 1930 жыл¬дары ашаршылықтың салдарынан Қытайға ау¬ған қазақтардың ішінен Саурықтың туыс¬қандарын жергілікті қалмақтар сұраққа алып, Бүргә әмбаның гауһар жүзігін іздеп, бі¬раз адамды азапқа салғаны туралы да әң¬гіме айтылды. Ал Саурықтың бекер адам бол¬мағанын батырдың туысқанының бірі Мұ¬қамәди қарияның сөзі де растайды. «Біз қы¬зылдардан қуғын көріп Қытайға барғанда Мұң¬ғұл күренің Қарасу деген жерінде тұр¬дық. Таудан Текес өзеніне атпен қарағай тар¬тамыз. Ел қарағай сатып жан бағатын. Бір күні топ баламен қарағай тарту үшін тау¬ға шықтық. Алдымыздан екі-үш қалмақ кездесті. Олардың ішіндегі бір егделеуі біз¬ден жөн сұрады. Өзі қазақша судай ағып тұр. Кезек маған келгенде: Сенімен ойнауға бол¬майды екен. Сен Саурықтың тұқымы екенсің, – деп жөніне кетті» дегенді айтқан еді. Осындай әңгімені қазір сексенге келген са¬рыбастаулық Төкен қария да растайды. «Оты¬зыншы жылдары ел қызылдар салған қыр¬ғынға шыдамай Қытайға қашты. Ше¬ка¬ра – мына тұрған жер. Мен онда жөр¬гек¬тегі бала екенмін. Ел түн ішінде көшіп, ше¬карадан өтпек болғанда менің бес-алты жас¬тағы үлкен ағам тайға мініп бірге жүріпті. Ше¬караға келгенде атыс болып, көшкен ел жан сауғалаған. Ағамды тай алып қашып, өзін¬ше кеткен. Содан ол тайдан құлап, қа¬лың шөптің арасында жатқан жерінен қал¬мақтар тауып алыпты. Солардың бірі ағамды өзі¬не бала етіп алуға ниеттеніпті де. Қал¬мақтың үйіне қазақтың бір кісісі ара-тұра сау¬дамен келіп тұрады екен. Ол үйдегі бөтен ба¬лаға назары түсіп: «Бұл кімнің баласы?» – деп сұраған ғой. Қалмақ өзімнің балам деп жеңістік бермепті. Ал қазақ болса ба¬ла¬дан аты-жөнін сұрап білген соң: «сен ба¬ланың тағдырымен ойнама, бұл Саурықтың тұ¬қымы, ата-анасына қайтар. Бала сенде еке¬нін олар білсе, жағдайың қиынға соғады» де¬ген әңгімені айтқан. Содан баладан кү¬дерін үзген әке-шешеме әлгі қалмақ ағамды әкеп беріпті» деген еді.
Бүргә әмбаны шапқан Саурықтың бұ¬дан кейінгі өмірі аз уақыт тыныш бол¬ға¬нымен орыстың қазақ жерін отарлау сая¬саты басталып, олар өз үстемдіктерін ел ішін¬де көрсете бастайды. Мұндай саясатқа Сау¬рық шыдамай орыс әскерімен де соғысып, елі¬нің бодан болмауына қарсылық білдіреді. Алай¬да айлакер орыс жағы оны алдап ұстап, тұт¬қындайды. Қамауға алынған Саурықты сұраққа алып қинаған да. Бірақ оны өлтіруге ба¬тылдары жетпейді. Саурықтың беделі ел ішінде зор екенін білген олар еліне қайтарады. Алайда, орыстар оның мінген атының ер-то¬қымының мінер жағындағы үзеңгісіне қас¬тандықпен у жағып жібереді. «Осы удан Сау¬рық қатты ауырып, қайтыс болған» деседі көнекөз қариялар. «Саурық қатты ауырып жатқанда қара қасқа аты кісінеп үйіне ке¬ліпті» деген әңгімені Балабақсы деген атпен елге танылған қария айтқан еді: «Батыр Ке¬геннің Түменбай деген жеріне жерленген. Оның мінген қара қасқа аты есті жылқы бол¬ған. Талай жорықта сенімді серігі болған қа¬ра қасқа ат батыр қатты ауырып жатқанда үйі¬не кісінеп келіпті. Сонда Саурық жан¬уар¬дың кісінегеніне жаны ашып, бауыздауға қи¬мапты. Осыдан кейін батыр көз жұмған. Мұ¬ны ол бекер істеді деп әкем айтушы еді» дей¬ді қария. Жалпы Саурық жорыққа шық¬қанда екі ат мініпті. Бірі – жирен қасқа бол¬са, бірі –қара қасқа ат. Жирен қасқаны жау¬мен найзаласқанда, ал қара қасқаны жауға атой салған ұрыста, не қашқан жауды қу¬ған¬да мінген екен. Одан қашқан жау құтыл¬маған. Осындай ат Саурықты талай қиын-қыс¬тау шайқастан алып шығып, жауын же¬ңуге көп көмектескені өз алдына бір әңгіме. Сон¬дай шайқастың бірі Құлжаның арғы жа¬ғындағы Жұлдыз деген жерде болады. Қал¬мақтар тауға бекініп, бас көтермес соғыс сал¬ғанда Саурық қара қасқа атқа мініп, тау¬дың жалғыз аяқ қия жолымен отыз шақты мер¬генді алып өтіп, олардың ту сыртынан ша¬буылдаған. Осы ұрыста қалмақтар же¬ңі¬ліп, Бүргә әмбінің басы шабылып, қо¬лын¬дағы гауһар жүзігін және олардың табы¬на¬тын бұрханын атқа артып, Саурық елге үл¬кен олжамен оралған. Ұрыстарда Сауры¬қ¬тың сенімді серігі, әрі қанаты болған қара қас¬қа осы жолы қалмақтарды қайран қал¬дырған. Аттың ақылды, әрі батырдың сенімді се¬рігі болғандығын Көдек ақын кітабында бы¬лай деп суреттейді:
...Ерге лайық ат туар,
Қасқа атты құдай парлапты.
Шылбырын түрген ноқтамен,
Артынан еріп қалмапты.
Қысылтаяң кезінде,
Ерттеп мініп самғапты, – деп ақын жыр¬ға қосып, атқа өзінің бағасын береді.
Саурық орыстың қастандығынан Қы¬тайдың Аттың тауы деген жерінде көз жұ¬мады. Бұл жаздың ысыған айы болса керек. Ба¬тырдың сүйегі жат жерде қалып бара жат¬қаны елдің қабырғасына қатты батады. Осы жағ¬дайды ойлаған Ұзақ қытай мен орыстың ара¬сына келісімсөз жүргізіп, әкесін аршаға ора¬тып, Кеген ауылының жанындағы атасы Тү¬менбайдың қасына жерлейді. Елі оның ба¬сына күмбез орнатады. Күмбездің ішіне қара қас¬қа аттың бас сүйегін де іліп, жанына най¬засын қояды. Сол қара қасқа аттың бас сү¬йегі 1970 жылдарға дейін сақталған деседі оны көрген жұрт. Бұны Райымбек ауда¬ны¬ның құрметі ақсалының бірі Бейсенбек қа¬рия да растайды. «1972 жылдары Ұйғыр ау¬данының орталығы Шонжыдан келе жатып, жо¬лай Кегендегі Түменбай ауылындағы ата¬мыздың басына құран оқу үшін Тілеужан Өс¬теміров деген жүргізуші екеуміз бейіт ба¬сына бардық. Аталарымызға құран оқып, ба¬сынан топырақ алдық. Күмбездің сыр¬тында үлкен жылқының қураған бас сүйегін көр¬дік. Мен оны қолыммен қарыстап едім, төрт қарыс, төрт елі болды. Сонда ойыма кел¬мепті, сол қу бас сүйекті үйге неге алып кет¬пегеніме әлі күнге дейін өкінемін» деген еді. Бір ғасырдан астам уақыттай ілінген сол бас сү¬йек қай жылдары жоғалғанын қазір ешкім біл¬мейді. Мұндағы қос шынардай болып алыст¬ан көрінетін қос күмбез күні бүгінге де¬йін ерекше көрінсе, кейін үлкен қорымға айналған. Бұл жерде Саурықтың атасы Тү¬менбайдан бастап, әкесі Алпар және олар¬дың туысқан-туғандары жерленген. Тү¬мен¬байдың жанында бұлақ та ағып жатыр. Мұ¬ны Түменбай бұлақ деседі ел. Бірақ кімнің қай жерде жатқанын көп ешкім біле де бер¬мей¬ді. Осыдан екі жыл бұрын осы ауылдың ең үлкен қариясы 83 жастағы Төлеген Ба¬ты¬рақовқа жолығып, біраз нәрсені анық¬тадық. «Әкеміз Жылқыбай 96 жасында қай¬тыс болды. Сол кісі өлер алдында мені және ба¬ласын шақырып алып, айтқан еді. «Мен өл¬сем Түменбайдың қасына жерлеңдер. Біз Тү¬менбаймен жекжат болсақ, бір жағы әу¬лие кісі» деп аманаттады. Біз әкеміздің ама¬на¬тын орындадық. Мұнда жатқандардың бі¬разы Түменбайдың тұқымдары деп, ол кісі қос күмбездің оңтүстік шығысындағы Сау¬рықтың күмбезін көрсетті. Күмбез кірпіш тә¬різді тақта тастан қалаған. Күмбездің жарты¬сы құлап, бүлінген. Төлеген қария Тү¬менбай мен Саурық батырдың аруақтарына ар¬нап құран бағыштады.
Саурық батыр туралы деректер ел ара¬сында әлі де көп кездеседі. Оның қыр¬ғыз¬дармен болған соғысқа және де Құлжадағы дүн¬ген мен тараншылар арасындағы со¬ғысқа да қатысқанын тарих та жоққа шы¬ғар¬майды. Ел аузындағы тарихта бір шындықтың бары анық болса, елдің есінде ер¬дің ерлігі мен жақсылығы мәңгі қа¬латыны анық. Ал Ұзақтың әкесі Сау¬рық ба¬тырдың әлі күнге дейін зерттелмей, көп¬шілікке танылмауына кеңестік заманда оның байдың тұқымы және орыстардың ота𬬬лау саясатына қарсы шығып, бас кө¬тер¬гендігі себепші болған. Осының сал¬да¬рынан Саурық батыр зерттелмеді, елге та¬ныл¬мады. Ал Қытайдың Іле қазақтары Сау¬рықты бізден бұрын танып, елге жария етіп үл¬герді. Оны елге танытқан өзіміздің қан¬да¬сымыз, жазушы Әскер Тойғанбекұлы. Жа¬зушы өткен тарих бетеріне үңіліп, «Арманда кет¬кен арыстар» атты кітап жазып, Саурық ба¬тырдың ерлігін елге танытқан. Кітап 2000 жы¬лы жарыққа шыққан соң, облыстық ра¬диохабарда Саурықтың ерлігі кең түрде на¬сихатталған. Бұл кітаптан Саурық батыр жә¬не оның айналасындағы батырлардың ел¬ді жаудан қалай қорғандығы және орыс¬тардың отарлау саясатына қалай күре¬скен¬дігі көркем тілмен жеткізілген. Кітап авторы қа¬зір елге оралып, өзінің осы кітабын үш-төрт жылдан бері жарыққа шығарсам деп әр¬кет етіп жүр. Бірақ қаражаттың жоқтығы жа¬зушының қолын байлапты. Кітапты құ¬зырлы орындар шығарамыз деп уәде бер¬генімен әлі шықпай жатуы ойланарлық жайт. Ал кітап шығып жатса, қазақтың ұлы жазушысы Әуезов жазған Саурық ба¬тырдың ерлігін ел біліп, ұрпақ жете танитын еді...

 

 

Жексембай ОСПАН
«Айқын» газеті 25 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3332
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6093