Жұма, 29 Наурыз 2024
Карантин 4299 7 пікір 2 Шілде, 2020 сағат 12:57

Үкімет қандай шешім қабылдады?

Күні кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің желідегі парақшасында Үкімет пен Ведомствоарылық комиссия 14 күндік карантин режимін ұсығанын хабарлаған еді.

Осыдан кейін ел ішінде түрлі әңгімелер айтыла бастады. Жұрт көңілін алаң еткен көп сұрақтың бірі – қайтадан блок-бекеттер қойыла ма?

Иә, сұрақ көп. Гу-гу әңгіме, күбір-күбір сыбыс та соншалық... Қалаларда қоғамдық көліктер тоқтай ма? Жұмыс орындары, соның ішінде базарлар, кеңселер, басқа да тұрмыстық қажеттілік нысандары толықтай жабыла ма? Карантиннің қандай түрі енгізіледі? Әлеуметтік жәрдемақы қайтадан төлене ме? Қала маңындағы тұрғындардың қалаға кіріп-шығуы шектеле ме?..

Бүгін премьер-министрдің ресми сайтында Президент айтқан шектеу шаралары туралы ресми ақпарат жарияланды. Ведомствоаралық комиссияның отырысында Үкімет қабылдаған шектеу шаралары туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндапты. Сонымен, қандай шара қабылданды? Міне қараңыз...

Шешім

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

Көлік қатынасы бойынша:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық аспан астында (ауада) жаттығулар жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:

1. Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).

2. Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

3. Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;

4. Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;

5. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау: ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ауладағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Ескерту! Бұл карантиндік шаралар 2 аптаға (14 күнге) қабылданған. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин ұзартылуы мүмкін.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551