Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4396 1 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 11:13

Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды

Біраз сан-цифр сөйлетейік.

1, ҰБТ 21 маусым 1 шілде аралығында өтті. 131 754 өтініш тіркелген. Оның 111 113-і биылғы мектеп түлектері.

2, Тестілеуге тіркелген азаматтардың 92,1%-ы 121 327 талапкер ҰБТ-ға қатысты.

3, Шектік балды жинаған талапкерлер саны – 82 154 оқушы.

4, Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады.

5, Биыл 7 тестіленуші өз орнына ҰБТ-ға басқа адамды кіргізуге ниеттенген.

6, 119 тестіленуші денсаулығына байланысты ҰБТ тапсырмады. Оларға 19 шілдеге дейін тестілеу ұйымдастырылатын болады.⠀

7, Тыйым салынған заттарға байланысты (телефон, шпор) 2 233 оқушы үшін ҰБТ нәтижесіз болды.

8, 130 балдан жоғары жинаған оқушы саны - 460.

9, Енді ережеге сәйкес 2020 жылғы 25 тамызға дейін бейнежазбалар жіті тексеріледі. Егер бейнежазбада грант иеленген талапкердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестіленушінің ҰБТ нәтижесі жойылады.

10, Биыл түлектер үшін жоғары білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға 53 864 грант бөлінген.

11, Биыл грант конкурсы орыс тобы, қазақ тобы деп бөлінбейді. Бұл да қазақ топтары үшін көптеген мамандықтың грант балының төмендеуіне әсер етеді. Енді орыс тобы мен қазақ тобында айырмашылық болмайды. Сондықтан, орыс тобы төмен болады деп орыс тобына талпынбаңыз. Енді бәрі бірдей.

Аятжан Ахметжанұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541