Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4737 0 пікір 3 Шілде, 2020 сағат 13:51

Алакөл карантин кезінде жабылмайды

Алакөл жағажайлары Қазақстанда жарияланған екі апталық карантин кезінде жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Алматы облысының туризм басқармасынан хабарлады.

«Бізде Алакөлді жабу туралы жоспар жоқ. Және Алакөлдің Алматы облысы жақ бөлігіне бару үшін ПТР нәтижесі қажет емес», - деп түсіндірді департамент.

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орталықтары да жұмысын жалғастырады.

«Туристік рекреациялық аудандарда, оның ішінде Алакөлде жағажайлар жабылмайды», - деп түсіндірді ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Кабаков.

Шығыс Қазақстан облысының Алакөл жағалауында демалу үшін туристерге коронавирусқа экспресс-тест немесе ПТР-тест тапсырғаны туралы сертификат қажет. Отбасы немесе бір топ үшін бір сертификат жеткілікті.

Екі аптаға созылған карантин - жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Президентке ұсынған коронавирусқа қарсы күрес сценарийлерінің бір бөлігі болды. Оның көмегімен күніне жеті мыңға жуық іс тіркеледі деп болжануда. Тамыз айының соңында төсек қорына қажеттілік 80 мың болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 853
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2247
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 572
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 548