Жұма, 29 Наурыз 2024
3459 1 пікір 5 Шілде, 2020 сағат 18:32

Текеліде биіктігі 25 метрлік тутұғыр орнатылды

Елорда күні қарсаңында Текелі қаласында биіктігі 25 метр тутұғыр бой көтерді. Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Тәуелсіздік алаңында орнатылған Мемлекеттік Туды жас спортшы, Әлем чемпионы Акранбек Асемайға бұйырды. Шарада қала әкімі Бақтияр Өнербаев Текелі халқын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Мемлекеттік рәміздер – елдік пен егемендіктің, бірлік пен биліктің нышаны. Оларды дәріптеу ісін жаңа деңгейге көтеру – идеологиялық жұмыстың маңызды міндеттерінің бірі. Шаһарымызда тутұғырдың бой көтеруі, Текелі қаласы тұрғындарының Елорда күніне қосқан өздерінің үлесі. Біз жылда бұл мерекеге ерекше дайындаламыз, ерекше атап өтеміз. Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, мен қала тұрғындарын, жетісулықтарды, Қазақстан халқын мерекеміз Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!», - деді Бақтияр Өнербаев.

Айта кету керек, Текелі қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 13 жоба қолға алынған. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін  1 млрд 837 млн 10 мың теңге қаражат бөлінген. Оның оны аяқталуға жақын. Ал, екеуі бүгін қолданысқа берілді.

Елорда күніне орай  пайдалануға берілген екінші нысан – спорттық ойын алаңы. Осындай футбол алаңы Рудный ауылында ашылады деп жоспарлануда. Жалпы, шаһарда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 214 адам жұмысқа тартылуы тиіс. Қазір тең жартысы қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа алынып, аталған нысандарда еңбек етіп жатыр.

Айман Асыл

 Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564