Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3216 1 пікір 9 Шілде, 2020 сағат 10:54

БҚО-да ауруханаларға 850 мың жалақыға санитар іздестіріліп жатыр

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы аймақ тұрғындарынан коронавирус инфекциясымен күресте көмектесуді сұрайды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

"Біздің аймақтағы инфекциялық стационарларда медперсонал жетпей жатыр, жағдай қиын. Мұндай қиын кезде, адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін күресте көзге көрінбейтін жаумен алысу үшін қолдан келетін көмек керек. Сондықтан санитар болып жұмыс істеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Заңнамаға сәйкес бұл медициналық мекемелердің қызметкерлеріне жалақы 64 698 теңгеден бастап, плюс І санат бойынша атқарған еңбек сағаттары үшін 850 000 теңгеге дейін төленеді.

Үміткерлерге мынадай талап қойылады:

- созылмалы аурулары болмауы керек;
- 22 және 45 жас аралығында болу керек;
- сотталмаған және психикалық сау болу керек;
- стреске төзімді болу керек;

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2520
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660