Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
4205 3 пікір 10 Шілде, 2020 сағат 13:53

Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды!

Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген жиынын өткізіп жатқан президент Тоқаев Жер кодексінің кейбір нормаларына салынған мораторий туралы айтты.

«Бізге бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылдау керек. Қазір бізге білгілі нақты мәселе бар. Ол – Жер шетелдіктерге сатылмайды! Біз бұл тақырыпқа енді қайтып оралмауымыз керек», - деді Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Жерді шетелдіктерге сату мен жалға беруге қатысты Қазақстанның барлық өңірінде жалпыхалықтық наразылық болған. Халық митингілерге шығып, жерді шетелдіктерге саты мен жалға беруге қарсы шыққан. Осыдан кейін сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий жариялаған. Мораторий мерзімі 5 жыл. Ол 2021 жылы аяқталады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969