Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4525 0 пікір 27 Қараша, 2011 сағат 09:25

Аламанға «Ақ жол» партиясы шықты

Алматы қаласындағы «Алатау» емдеу-сауықтыру кешенінің ғимаратында «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтайы өтіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол» партиясы  2002 жылы Әділет министрлігіне саяси партия ретінде тіркелеген болатын. Партия басшылығында «жас түркілер»: Ораз Жандосов, Болат Әбілов, Әлихан Бәйменовтар болды. 2003 жылы 9 қарашада  өткен партия құрылтайында тең төрағалардың қатарына   бұрынғы қоғамдық келісім және ақпарат министрі, Мәскеуде Қазақстанның елшісі болған мемлекет қайраткері, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Людмила Жуланова қосылды. Саяси аренада салмақты ойын көрсете алатын қабылетін аңғартқан партия өз ішінен бөлініп, 2005 жылы көкектің 29-ында «Нағыз Ақ жол» партиясы құрылды.  Ал, «Ақ жол» демократиялық партиясы Бәйменов пен Жуланованың басшылығында қалды. Үстіміздегі жылы партия жетекшілігінде ауыс-түйіс болып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне басшылыққа тағайындалған Бәйменовтың орнына  «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшелігінен шыққан Азат Перуашев сайланды.

Перуашев партия құрылтайының негізгі баяндамасында «Ақ жолдың» бірнеше белестерден өтіп үлгергеніне тоқтала келіп: «Біздің жеңген кезіміз де, жеңілген кезіміз де болды. Соның бәрі бізді шынықтырды, саяси күш қуатымызды еселеді. Біз жеңіске жетеміз!» - деді.

Баяндамадағы түйінді ойларының бірінде Перуашев «біздің байлығымыз металл емес -  халық» деді.  -Ал халыққа әділетті қоғам керек. Әділет жалғыз және ол сатылмауы қажет».

Партия жастарды кәсіпорындарға жұмысқа орналастырып, жоғары жалақымен қамтамасыз ету үшін күресетіндерін мәлімдеді. Баяндамада және мынандай жолдар бар:

Сот отырысы, ақпарат тарату ашық болуға тиіс.

Қылмыстық істерге жаза бекітуде жұмсақтықты жақтайтын Қазақстан билігі интернет ресурстарының қызметін  шектеуден бас тартуы керек.

ОБСЕ-ге төрағалық еткен Қазақстанның  төрт  «Т» принципі тұғырынан таймауы керек, т.б.

Қысқасы, Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына «Ақ жол» демократиялық партиясы да қызу кірісіп кетті. «Нұр Отанның» ығайы мен сығайларынан артылған орынның бәрі  «Ақ жолдікі» деседі білетіндер.

P.S. Съезд жұмысы басталмас бұрын партия жетекшілері Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Алаш арысына тағзым етті. Партия басшысы А.Перуашев Ахаңның мұражайын аралап көрді.

Съезд барысында партияның сайлауалды платформасы бекітіліп, додаға түсетін үміткерлердің тізімі анықталады. Съезге республиканың барлық аймағынан өкілдер келді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351