Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2561 1 пікір 15 Шілде, 2020 сағат 14:07

Саудагерлерге тыйым салса, олар қайтіп өмір сүрмек?

Кеше Қапшағай тас жолымен келе жатып, қарбыз, қауын сатып алдым. Сауда жасап тұрып, саудагерлермен әңгімелестім. Бәрінің айтары бір: әкімшілік қудалап, сауда жасатпайды екен.

Осыған қатысты әкімшілікке қояр бірнеше сауалым бар: Неге қарапайым халыққа жартыжылдық еңбегінің нәтижесін сатуға тыйым саласыздар?
Олар саудасын таза ауада, күннің астында жасайды ғой. Күн көріс көзіне тыйым салсаңыз, олар қайтып өмір сүрмек? Олардың шығынының орнын толтыруға дайынсыздар ма? Олардың отбасыларын асырауға дайынсыздар ма? Олар ауырып қалатын болса, бәрібір, дәрі-дәрмек, медициналық күтіммен қамтамасыз ете алмайсыз ғой. Сондықтан, оларға, ең болмаса, өз күнін өздері көруге мүмкіндік беріңіз. Ол жерде топырлаған адам жоқ. Барлығы арақашықтық сақтап тұр. Бір-біріне тақалып тұрған адам жоқ. Бұл дәрі жетіспей жатқан дәріханалар кезегі емес.

Менің постым ауыл еңбекшілеріне аз да болса қолдау болса екен. Олар өз нанын өздері тауып жүрген жандар.

P.S.’’ Мен әкімшілікке орынсыз жала жауып отырған жоқпын. Иә, әрине, қарбыздарының құрамы пестицидтерге толы жауапсыз фермерлер де көп. Бірақ, оларды қарбыз-қауынның сапасы үшін емес, карантинге байланысты қудалап отырғандарын естідім.

Ал ең дұрысы - Алматы облысы әкімшілігі жергілікті агроөнімді ешқандай комиссиясыз және әртүрлі ретро бонустарсыз сатуы туралы Магнуммен келісуі керек.

Марғұлан Сейсембайдың жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543