Сенбі, 23 Қараша 2024
Интернет конференция 7553 3 пікір 16 Шілде, 2020 сағат 15:36

Індетті жеңу үшін не істеу керек? Дәрігердің кеңесі...

Өткен аптада Abai.kz ақпараттық порталында «Дәрігерге сұрақ» атты интернет-конференция ұйымдастырған едік.

Қазір елде эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Күн сайын індет жұқтырған 2 мыңға жуық адам тіркелуде. Министрліктің соңғы мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны – 65 мыңнан асқан. 396 адам дәл осы індеттен қайтыс болған. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 30-орынға бірақ шықтық. Ал бір тәулікте (15 шілде) індет жұқтырғандар саны бойынша 15-орында тұрмыз (1759 адам).

Бұдан бөлек, республика бойынша пневмония диагнозымен мыңдаған адам ауруханаларда жатыр. Осындай алағай да бұлағай кезде ел ішінде алып-қашпа әңгіме де көбейген. Күндіз-түні дәріханаларда ұзын-сонар кезек. Оған елдегі дәрі-дәрмек жетіспеушілігін тағы қосыңыз...

Осы ретте біз Abai.kz ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияны – коронавирус тақырыбына арнаған едік. Оған 30-ға жуық сұрақ келіп түсті.

Abai.kz спикері - Орал қаласындағы 4-ші жұқпалы аурулар емханасының I санатты инфекционист дәрігері – Әділбек Жақсыбекұлы Нұрымбетов оқырман сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Мархабат!


Серуендеу адам өмірін 7 жылға ұзартады | Мақалалар

Дұрыс тамақтанып, таза ауада көп жүру керек!

Әділбек Нұрымбетов, I санатты инфекционист дәрігер:

Мұрат Қойшыбайұлы: Бұрын соңды елімізде пневмониямен осыншама адам ауырған емес. Менің ойымша, оның басты себебі короновирус болып отыр. Соңғы кезде одан қайтыс болған науқастар саны коронавирустан әлдеқайда көп. Не себепті денсаулық сақтау министрлігі пневмонияны жекеше көрсетіп отыр?

Жауап: Себебі, COVID-19 өкпеге түсіп, өкпені зақымдайды да, оны қабындырып, аяғы пневманияға алып келеді. Әлсіреген өкпеге бактериялар жиналып, оны ары қарай зақымдайды. Науқастар үйінде жүріп уақыт өткізіп алады. Сол уақыт аралығында иммунитет вирусты жойып жібереді. Нәтижесінде COVID-19-ға анализ «теріс» болады. Ал, пневмания қалады. Сол кезде алынған анализдерде COVID-19 анықталмай, диагнозын тек пневмания болып шығады.

Максұт: Менің ойымша бетперде (маска) – өзгені, ал қолғап – өзіңді қорғау үшін қажет. Осы екеуін қолдана жүріп ауру жұқтырдым. Қазір темп. түсті, жөтел азайды. Бірақ бүйректен «приступ» беріп, буын ісігі басталды. Ем-дәріні тоқтатып қойдым. Бар бәле осы бір «КВИ» емес пе? Ауырғаныма 15 күн болды. Мен басқаларға қауіпті емеспін бе? Жүрегім әлсіз, ауру қайталануы мүмкін бе? Неше күнде таза айығуым мүмкін?

Жауап: Егер симптомды түрі болса, ауру қайталана қоймайды. Антитела түзіледі. Толық айығу үшін уақыт қажет. Әсіресе дұрыс тамақтану, тынысқа арналған жаттығулар жасап, таза ауада көп болу керек.

アクを取る」とは - クックパッド料理の基本

Сұйықтықтықты көп ішу керек!

Дана: Қазір желіде ақпарат әртүрлі. Өзіңіз жұмыс істейтін Орал өңірінде нақты қанша адам қайтыс болды?

Жауап: Өкінішке қарай, қазір барлық жерде, оның ішінде Оралда да адам шығыны көп...

Нұрбол: Рентгенге түсіп едім оң жақ өкпемнен пневмония табылды. Бес күн қатарынан антибиотиктер (1. Левофлоксацин 100 мл в/в капельно 2. Физ.раствор 100мл, Аскорбиновая кислота 3. Амбро 2 мл в/м) қабылдадым. Дәрігер антибиотиктер қабылдауымды тоқтатты. Енді тек сорпа-су ішіп жатырмын. Бірақ әлі әлсізбін, ептеп басым айналады. Дәм сезе қойғам жоқ. Не істеуім керек? Толық айығуым үшін маған тағы не қажет?

Жауап: Сорпа, су, айран, сүт, қымыз сияқты сұйықтықтарды іше беру керек. Себебі, сұйықтық организмді тазалап отырады. Мәселен, сорпада еттің құрамындағы белоктар, минералдар, пайдалы нәрселер өте көп. Айран, сүттің құрамында белок, көмірсу, кальций т.б қажетті дәрумендер бар. Аспиринге келетін болсақ, күніне үш рет жарты таблеткадан ішу керек. Тамақтардың құрамы белоктарға бай болғаны дұрыс.

Анар: Қазір ауруханаларда пневманиямен немесе басқа диагнозбен түскендерді қабылдап жатқан жоқ. Неге олай? Науқастар үй жағдайында қалай емделеді?

Жауап: Қазір барлық ауруханалар жоспарлы емдеуді тоқтата тұруға мәжбүр. Себебі, барлық жерде коронавирус анықталған. Бірақ, инфаркт, инсульт,  ауыр жарақаттар т.б. хирургиялық аурулар жұмысын тоқтатқан жоқ.

La cantidad de proteína digerir en una sola comida? Proteínas y ...

Тамақ құрамы белокқа бай болу керек!

Тәкен: Тамақтанудың белгілі бір құрамы, өлшемі, ерекшелігі бар ма? Аспирин мен физиотенз, парацетамолдарды қалай қолдануға болады?

Жауап: Тамақ құрамы белокқа бай болу керек! Ет, сүт, айран, сорпа, асылған жұмыртқа т.б. Сұйықтықты көп іше беру керек. Аспиринді жарты таблеткадан күніне үш рет, парацетамолды бір рет, дене қызуы жоғары болғанда қолданылады.

Көпшілікке: Вирустан сақтану үшін мұрынға сеуіп жүруге бір нәрсе айтайын десем, сол заттың бағасын алаяқтар көтеріп жібере ме деп ойланып отырғаным...

Жауап: Иә, кез-келген нәрсені айтса, бағасы сол сәтте-ақ, қымбаттап кетеді ғой...

***: Қазір дәрі-дәрмектің бағасы аспандап тұр. Дәрі-дәрмек жетіспеушілігі көп. Бұл қолдан жасалып жатқан дүние емес пе?

Минздрав — надо избежать дефицита бесплатных лекарств в 2019 году

Біз дәрінің қорабын ғана өзімізде шығарамыз...

Жауап: Дәрілер қаншалықты өтеді, соншалықты шығарып отырады. Бір дәріні барлық адам ала бермейді ғой. Артық шығарса, оның мерзімі өтіп кетеді. Ол өздеріне шығын. Сол себепті олар аз ғана мөлшерде шығарып отырады.

Ал, осы маусым-шілде айларында дәрінің барлығы емес, осы коронавирустың емделуіне қатысты дәрілер жаппай сұранысқа ие болғандықтан, олардың есептеп шығарған дәрілері таусылып қалды. Ал, қалғанын шығаруға үлгермей қалды.

Бізге дәрінің шикізаттары сырттан келеді. Елімізде оның тек сыртқы қорабын, ыдыстарын ғана шығарады. Сол шикізаттар келе алмағандықтан кідіріп жатқан сияқты. Қолдан жасалған болуы да мүмкін. Бірақ, ол жағын нақты білмеймін.

Тасжарған: Қалай ойлайсыз, мынау атың өшкір коронавирустың шынымен екінші толқыны ма, әлде, біз әлі бірінші толқында тұншығып жатырмыз ба?

Жауап: Бұл коронавирустың екінші толқыны. Біз бірінші толқынынан өттік.

Тасжарған: Әлі қанша толқын болуы мүмкін? Ресей ғалымдары ойлап тапқан «Адифобир» вакцинасы туралы не айтасыз? Меніңше, ауруханалар мен дәріханалардың табалдырығын тоздырып жүрген, қалтасында көк тиыны қалмаған қарапайым қазақ ешқандай клиникалық мерзімі өтпегеніне қарамастан, кез келген вакцинаны қабылдауға дайын сияқты...

Жауап: Вакцина шыққанын білмедім. Менің естуімше, алғашқы вакцинаны Қытай патенттеп, шығарып жатыр. Ал, шынын айту керек, халық дәрі-дәрмектен, вакцинадан ақшасын да, дүниесін де аяп жатқан жоқ.

Бірнеше адаммен сөйлескенде айтатындары: «Әкемнің, шешемнің емінен ақша аясам, олар өліп қалса, артында қалған ақшаны не істеймін? Артынан ондай ақшаның қаншасын жұмсасам да қайтара алмаймын», дейді.  Сондықта, көпшілік қазіргі жағдайда қай дәрі, қай вакцина десеңіз де сатып алуға дайын отыр...

KORONAVIRUS: Tiltak og retningslinjer for ansatte

COVID-19-дың өзі вирустың мутацияланған түрі

Көктем: Пневмониядан үйде емделудің жолы қандай?

Жауап: Әуелі сізге пневмония екенін анықтап беру үшін дәрігердің көмегі керек. Емханаға бармай-ақ, өзіңіздің үйіңізге емханадан дәрігер шақыртыңыз. Ол тексеріп, тағайындауларын беріп кетеді. Ескере кететін жайт – ол тағайындаулар науқастың жағдайына байланысты әртүрлі болады. Қазірдің өзінде жалпы протокол өзгеріп отыр. Оны дәрігер өзі қарап, өлшеп, тағайындап берген дұрыс. Негізінен, барлық жерде антибиотик, вирусқа қарсы дәрілерді береді. Бірақ, қайталап айтам, ең бастысы белоктарға бай тамақтар ішу керек!

Jjh: Отыз градус ыстықта пневмониядан кім ауырады? Бұл ковид 19-дың мутация болған ковид 20 түрі...

Жауап: Бұл COVID-19-дың өзі вирустың мутацияланған түрі. Ол 19-дың мутацияланған 20-сыншы түрі емес. Өзі мутацияланған. Не мезгілге, не ауа райына, не ыстыққа қарамайды...

В Павлодарской области зарегистрировано 13 случаев заражения COVID ...

Фарида: Жедел жәрдем ақылы бопты. Енді «скорый» шақырсаң 5400 тг. төлейді екенсің. Сонда облыстардан келіп жатқан, пропискасы жоқтар қайтеді?

Қарапайым маска вирустан қорғамайды

Жауап: Егер жедел жәрдем ақылы болса, онда халықтың жағдайы қиындайды. Біз де бірнеше рет жедел жәрдем шақырдық. Бірақ, ол ақылы болған жоқ. Дегенмен, ондай әңгіме бар...

Қанат: Маска тағу - өзіңді емес, өзгені қорғайды деген сөз шығып жатыр. Сонда маска тағып жүрсе де коронавирусты жұқтырып алу мүмкін бе? Коронавирустан сақтану үшін қандай сақтық шараларын жасау керек (сыртта жүргенде)?

Жауап: Қарапайым маска вирустан қорғамайды. Ол үшін масканың сыртынан респиратор киіп барып қорғануға болады. Ал, өзгені қорғайды дегені - ауырып жүрген адам сыртқа вирустарды бөле береді ғой. Егер маскасы болса, вирустың біраз бөлігі маскада қалады. Сол себепті басқаларға таратуды азайтады. Ал, сау адам маска таққанмен респираторсыз қорғана алмайды.

Ержан: Интернетте қара зере майы, хста аль хинда деген секілді дәрілердің жарнамасы жүріп жатыр. Осылар пайдалы ма?

Жауап: Қазір барлығы ковидті пайдаланып, өздерінің рекламаларын өткізіп жатқан жағдайы бар. Оның барлығына сене беруге болмайды! Дәрігердің кеңесімен ғана дәрі тағайындау керек.

Қуаныш: Үкімет наурызда төтенше жағдай жариялап, карантин жариялады. Сол аяқталғаннан кейін бірден коронавирус жұқтырғандар көбейіп кетті. Сол жолғы карантин қаншалықты тиімді болды?

Жауап: Бірінші карантиннің пайдалы болғаны - адамдар үйде отырды. Сондықтан, бірлі-жарым індет жұқтырғандар болғанымен, дәл қазіргідей өршіген жоқ. Сол кезде үйде отырғанның пайдалы екенін көпшілік түсінді.

Бірақ, ұзақ уақыт отыра беру экономикаға тиімсіз. Сондықтан, билік қатаң карантиннің пайдалы екенін көрсетіп, ары қарай жауапкершілікті халықтың өзіне берді.

Мmd: Біздің медицина ковидтің екінші толқынына мүлде дайын болмай шықты. Дәрігер ретінде айтыңызшы 6 трлн.тг. ковидпен күреске жете ме?

Жауап: Ауру осылай өрши берсе, ол ақша да жетпеуі мүмкін. Одан да көп ақшаны қажет етеді.

Бір адаммен қоштасуға барған жүздеген адаммен де қоштасып жүрмейік ...

Берік: Қазақстанның медицинасы ковидке қаншалық дайын? Екінші толқынды жеңе ала ма? ДСМ шаралары қаншалық тиімді жасалып жатыр?

Жаназа мен той-томалақтар ауруды одан әрі өршітіп жатыр...

Жауап: Ковидті емдеудің протоколын жалғыз Қазақстанның медицинасы істеп жатқан жоқ. Ол дүниежүзіне келген індет болғандықтан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық аурулардан ортақ протокол шығарып, сонымен емдеп жатыр.

Мысалы, біз жұмыста әр науқас жайлы таңертең және кешке ақпарат беріп отырамыз. Шығаратын уақытта Астанаға «выпискамен» жіберіп отырдық. Сол сияқты барлық облыстан Астанаға жетеді. Астанадан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына кетеді.

Қазір елде ауру өршіп тұр. Одан сақтандыру мүмкіндігі де азайып жатыр.  Себебі, халықтың арасына жайылып кетті. Одан кейін қайтыс болғандардың жаназа намазына қатысу, тығылып жасайтын той-томалақтар да ауруды одан әрі өршітіп жатыр.

COVID-19: Еуропада ең көп өлім-жітім Ұлыбританияда тіркелген ...

Ендігі мақсат – дер кезінде ауруды анықтап, өлімге жол бермеу!

Ендігі мақсат – дер кезінде ауруды анықтап, емдеу. Өлімге жол бермеу. Ал, денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы нәтиже беретін, бермейтінін уақыт көрсетеді.

Қазір дәрігерлердің жұмысы бірнеше есеге көбейді. Себебі, бұрын ешқандай үрей, қауіп жоқ еді. Жаздың уақытында күніне ары кетсе төрт-бес адамды қабылдайтынбыз. Ал, қазір күніне 30-35 үйге барып жүрмін. Барлығының жағдайы ауыр. Ауруханаға жіберіп жатырмын, емін алып жатыр.

Және күннің 40 градус ыстығында бірнеше қабат қорғаныш костюмімен жүру де оңай емес. Ол киімді таңертең сағат 9-дан бастап кигеннен кешке бірақ шешеміз. Ал, соның бәрі жұмыстың қанша есеге көбейгенін көрсетеді.

Жалғыз мен ғана емес барлығы солай жұмыс істеп жатыр. Ал, алдында стационарда жұмыс істеген кезде, үйге бармай жұмыс істеп жүрдік. Бірақ, соған қарамастан шаршадым деп айтуға уақыт жоқ. Істемеймін деп айтуға болмайды. Осы мамандықты таңдағаннан кейін, барлық қиындығына шыдаймыз ғой.

Өзім де КВИ жұқтырдым. Мен ауру енді басталғанда бірінші «контактный» ретінде правизорлық стационарда жаттым. Одан кейін коронавирус анықталған кезде маған емді бірден, тез бастады. Сондықтан нәтижелі болды деп ойлаймын.

Ал, менің  қолымнан келгені - суды барынша көп іше бердім. Сосын жақындарым күнде үзбей сорпа әкеліп отырды. Және, усарымсықты жиі пайдаландым. Жалпы, сұйықтықты көп ішкенімнің пайдасы болды. Ал, емді дәрігерлер жүргізді.

Редакция: Жауаптарыңызға көп рахмет. Еңбегіңіз жемісті болсын.

Дайындаған Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536