Сенбі, 23 Қараша 2024
Коронавирус 4619 26 пікір 7 Шілде, 2020 сағат 14:32

Интернет-конференция. Дәрігерге сұрақ қойыңыз...

Қазір қауіпті індет қаһарына мініп тұр. Күн сайын індет жұқтырған мың шақты адам тіркелуде. Министрліктің соңғы мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны – 50 мыңға жуықтаған. 264 адам дәл осы індеттен қайтыс болған. Әрідегісін айтпағанда, соңғы бір аптада, 30 маусым мен 6 шілде аралығында 76 адам КВИ-ден көз жұмған.  Бұдан бөлек, республика бойынша пневмония диагнозымен 28 мың адам ауруханаларда жатыр екен. Бұл да министрліктің өз дерегі.

Осындай алағай да бұлағай кезде ел ішінде алып-қашпа әңгіме де көбейген. Күндіз-түні дәріханаларда ұзын-сонар кезек. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» дегендей, үрейлі жұрттың қалтасына қарап, құлқыны жыбырлап, қулықты ойлаған әлдекімдер жаңағы дәрі-дәрмектің бағасын асырып сатып жатқаны да ақпаратта айтылды. Оған елдегі дәрі-дәрмек жетіспеушілігін тағы қосыңыз...

Ел аузында әртүрлі әңгіме. «Пәлен деген ем екен, түген деген жөн екен» дескен жұрт базар мен дәріхана кезіп тентіреп жүр. Ал ағартушылық бағыттағы ақпарат жоқтың қасы. Құзырлылар күн сайын індет жұқтырғандардың санын есептеу мен «карантин талаптарын сақтаңыздар» дегеннен өзге жарытып ақпарат тарата қойған жоқ. Есесіне, әлеуметтік желіде әңгіме көп. Ел жылт еткен әрбір ақпаратқа елеңдеп отыр. Әрбір айтылған ақпаратқа сенеді.

Осы ретте біз «Abai.kz» ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияны – коронавирус тақырыбына арнағанды жөн көрдік.

Интернет-конференция спикері – Әділбек Жақсыбекұлы Нұрымбетов. Орал қаласындағы 4-ші жұқпалы аурулар емханасының I санатты инфекционист дәрігері.

Әділбек Жақсыбекұлы осыған дейін де Facebook желісінде ағартушылық бағыттағы ақпараттар жариялап отырған. Біраз уақыт бұрын өзі де КВИ жұқтырып, емделіп шыққан.

Коронавирусты жұқтырмау үшін не істеу керек? Қазір базарлармен мен дәріханаларда дефицитке айналған құйрық май мен аспирин, парацетамол секілді антибиотиктер қаншалықты пайдалы? Үйде ем қабылдап жатқан азаматтар не істейді? КВИ-ді болдырмау үшін немесе оның бетін қайтару үшін ең тиімді ем қандай?

Осы және өзге де сізді және сіздің жақындарыңызды алаңдатқан сауалдарға «Abai.kz» спикері Әділбек Нұрымбетов жауап береді. Спикердің ашық сұхбаты мен сіздер қойған сауалдың жауабы «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланатын болады!

Сауалдарыңызды жолдай беріңіздер, мархабат, мәртебелі оқырман!

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415