Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4105 0 пікір 29 Қараша, 2011 сағат 07:10

Аманхан Әлімұлы. Ой өлшемдері

Мен бозбала кезімде қызық кітап оқитынмын, енді керек кітап оқитын жасқа келдім.Ол екеуінің арасы жермен көктей.

***

Нағыз ақын көңіл-күйден образға, сезімнен ойға ден қояды. Данышпан Толстой «Ең ұлы ойлар жүректен  шығады» дегенде соны меңзеген сияқты. Ал, кемталант немесе бейталант  образ, ойдан көңіл-күй тудырып, көркем поэзияға имитация жасайды.

***

Есенғали поэзиясының ерекшелігі, ұлттық (халықтық емес) көңіл-күйдің сана-сезімінен өрген ойлау жүйесінің жемісі -  Тілі, Обрызы, Музыкасында (ТОМ). Оның ұлттық ақын санатына қосылатыны да сонда.

***

Абай «Өлең шіркін - өсекші жұртқа жаяр» десе, Пушкин «Вот Муза, резвая болтунья» дейді. Бұл ұлы ақындар үндестігі, түсінік-танымның астасуы. «Түгел сөздің түбір бір» де соған саяды.

***

Мен бозбала кезімде қызық кітап оқитынмын, енді керек кітап оқитын жасқа келдім.Ол екеуінің арасы жермен көктей.

***

Нағыз ақын көңіл-күйден образға, сезімнен ойға ден қояды. Данышпан Толстой «Ең ұлы ойлар жүректен  шығады» дегенде соны меңзеген сияқты. Ал, кемталант немесе бейталант  образ, ойдан көңіл-күй тудырып, көркем поэзияға имитация жасайды.

***

Есенғали поэзиясының ерекшелігі, ұлттық (халықтық емес) көңіл-күйдің сана-сезімінен өрген ойлау жүйесінің жемісі -  Тілі, Обрызы, Музыкасында (ТОМ). Оның ұлттық ақын санатына қосылатыны да сонда.

***

Абай «Өлең шіркін - өсекші жұртқа жаяр» десе, Пушкин «Вот Муза, резвая болтунья» дейді. Бұл ұлы ақындар үндестігі, түсінік-танымның астасуы. «Түгел сөздің түбір бір» де соған саяды.

***

Поэзияға Алла берді, туабітті таланты емес, ет пен терінің арасындағы қабілет-қарымы бар, филология факультетін бітіріп, филологиялық біліммен келгендер қауіпті. Олар поэзияның ішкі-сыртқы техникасын ( ұйқас, буын саны, ырғағы,т.б.) жақсы меңгеріп алып, «өлі» өлең жазады. Оларда көңіл қылын шертіп, сезімді селт еткізер тіл, образ, музыка (ТОМ) болмайды. Бола қалғанның өзінде, ол некен саяқ, сыртқы эффект, (еліктеу әсері) тілге, образға, музыкаға имитация( ұқсастыру, бояма,алдамшы) жасау ғана. Яғни, табиғи да, жанды қозғалыс емес. Құр құрастыру. Бізде ақынның көп болуының сыры сонда. Олар поэзияға жолдан қосылғандар.

***

Гитлер - нацизм арқылы фашизмді тудырса, ал, Бисмарк - национализм негізінде ұлт қалыптастырды.Сондықтан, ұлтшылдықтан қорқатын ештеңе жоқ.

***

Халық, ел-жұрт  - жалпы, ұлт - жалқы ұғым. Менің - адам, атымның - Аманхан болғаны сияқты. Сондықтан, ұлт болып қалыптасуға кедергі келтіретін қауымдық-топтық күн көрістің белгісі жүзшылдық, рушылдық сана-сезімнен арылып, дәстүр жалғастығы арқылы заманға, уақытқа сай, оң өзгерістерге қол жеткізетұғын қоғамдық - саяси сауатты сана-сезімге  бой алдыруға тиіспіз.

***

Бір тілшіге берген сұхбатымда, « Біздің әдебиете тізім жасаушылық бар» деген едім. Бір қызығы сол тізімнен, осыдан он - он бес жыл бұрын жақсы 5-10 өлең жазып, қазір өз іс-әрекетін білетін кәсіпқой дәрежесінде қалып қойғандар еш қалмайды. Астамшылдығымыз сонша, оларды « Аузына Алла түкіріп, Жаратқан ақын етіп жарата салған» деп мақтаймыз да, сын көтермейтін өлеңдерін айқұлақтандыра атандаймыз.

***

Біз мақтап-марапаттауды «Визитка» сияқты үлестіріп, шала-шарпы, Алла берді талант емес, ет пен терінің арасындағы қабілет-қарымы бар жас ақын атанып жүргендерді бұзып жүрміз. Қазір, олар өздерін «Аузына Алла түкіріп, Жаратқан жарата салған» ақын санайды. Сынасаң жақпайсың, бетіне тік қарасаң жылап қоя беретін сәби сияқты.

***

Қадыр аға, Мырза-Әлі « Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» десе, кезінде партия қызметкері  Жандильдин « Домбыраны тастап, балалайкаға көшу керек» деген еді. Қазір, қазақ  орыспен  саяси-қоғамдық, әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық-мәдени  қарым-қатынаста сол күйді кешіп отыр. Алла ақырын берсін!

***

Ұлттың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, киім киісі, діни-діли ұстаным, бағыт-бағдары- МӘДЕНИЕТ, ал, оның ақыл-ой, сана- сезімінің жемісі - ӨРКЕНИЕТ. Осы бір құстың қос қанаттындай құндылықтарды қатар алып жүре алмаған ұлт өзгеге ҚҰЛ болады. Ғаламдастырудың жайын құлғында кетеді. Заман талабы, уақыт еншісінен құр қалмау да соған саяды. Сондықтан, уақытқа, заманға тән жасарып, жаңару эволюциялық түрде, барлық ұлттық бағыт-бағдардағы (мәдениет,өркениет, экономика,саясат т.б.)  дәстүр жалғастығы арқылы жүргізілуі тиіс.

***

Талант - дәстүршіл. Дәстүр табиғи-тарихи категория. Ол Алланың жазғаны. Талант та Жаратқанның адамға берген қадір-қасиеті. Ендеше, оның екеу егіз ұғым-түсінік. Ұлттық (халықтық емес) ақын не жазушы деуіміздің сыры сонда. Абайдың да, Пушкинің де, М.Әуезов, Л. Толстойдың да ұлылығы да сонда.

***

Ібіліс те таланты. Бірақ, оның таланты Адам Атаға өшпенділікпен қарап, кекшілдіктен туған шайтани -талант.

***

Бір адамды жақтырмау, ең арысы жек көру пендеге тән - заңдылық, ал, оған өшпенділікпен қарап, кектену - адами қылмыс. Осы бір қадыр-қасиеттердің соңғысы ақын-жазушыда болса,  ондай қаламгерлердің қандай болмасын жазып, айтқанына да күдікпен қараймын. Сондықтан, қазақтың «Өкпеге қиса да өлімге қимайтыны», «Азары болса да безері болмайтыны», «Алдыңа келсе атаңның құнын кеші», «Кекшіл болма, көпшіл болы» өшпенділіктен ада, кекшілдіктен аулақ қадыр-қасиеттердің көрінісі.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351