Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6360 0 пікір 30 Қараша, 2011 сағат 07:23

Аллаға ашық хат

Аса қамқор, шексіз мейірімді әлемдердің Раббысы Құдай уә тәбәрәкә тағала, Жаратқан Иеміз Алла!

Төмендегі хатымыз - жер бетіндегі біліп, білмей істеген күнәлері бар болса да, өзіңнен кешірім сұрап, жалбарынған өзің қазақ деген ұлттың қатарынан жаратқан бір топ құлдарыңның тілегі.

Хақ тағала, қазаққа өзің берген Тәуелсіздіктің биыл жиырма жылдығы. Осынау жылдар бойында ұланғайыр жердің түп иесі, азат елдің түпқазығы етіп өзің ерекше сый берген қазақ қақысынан қағылып, құқы құрықталып келгені, Ақ Аллам, өзіңе аян.

Бәрін жіпке тізіп қайтеміз. Жанға батқан біреуін ғана айтайық.

Сен жаратқан күн мен түн ауысып, жылдар жылжып жатыр. Топырақтан тысқары етсең тағы бір жылды көргелі отырмыз. Тәуба!

Алайда, Уа, Тәңірім, мың да бір шүкір деп бергеніңе, көрсеткеніңе көзіміздің жасы көл болып қуанып жеткен Тәуелсіздік «Жаңа жыл» дейтін пенделердің мерекесінің тасасында қалып қойды. Бұрын да қалып келген еді. Бірақ дәл осы жылы - Тәуелсіздіктің 20 жылдығын шыршалардың шамдары көлегейлемес деп едік. Жоқ, тағы да бас шыршаның шамымен бірге қазақ даласындағы жасанды шыршалар жарқырап шыға келді. Сөйтіп, қазаққа деген аса қамқорлығың мен шексіз мейіріміңді аямай тарту еткен Тәуелсіздігіміз жетім қыздың күйіндей мүсәпір халге түсті.

Ашық хатты ақ жағалы ұлықтарға жаза-жаза жалықтық. Я раббым Алла, егемен елдің екі тізгін бір шылбырын қолына ұстаған пенделерің мен өзіңнің жердегі көлеңкең делінетін жанға және барша қазақтың санасына сәуле түсіріп, Тәуелсіздігінің қадіріне жетуі үшін көкірек көзін аша гөр!

Я Алла, Алашқа жар бола гөр!

Ей, Алла, тілегімізді бере гөр!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525