Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2726 1 пікір 21 Шілде, 2020 сағат 11:52

Цой республикалық бюджеттен 42 миллиард теңге сұрады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикалық бюджеттен ПТР-тест үшін тағы 42 миллиард теңге сұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz мәлімдеді.

Цой 1 тамызға дейін тәулігіне 35,6 мың адам тест тапсыратындай жағдай жасалатынын хабарлады. 1 қыркүйекке дейін ДСМ және жергілікті атқарушы органдардың зертханаларын жабдықтауды ескере отырып, тәулігіне 64 мыңға дейін тест жасалады.

«Сонымен бірге ПТР-тестілеу қызметін төлеуге республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлу керек. 170 миллион теңге зерттеуге тартылған 67 ветеринарлық зертхана мамандарының ақысын төлеуге жұмсалады», - деп қосты Цой.

Оның айтуынша, облыс әкімдері көлік бөлуі керек және ауылдық жерлерге дейін зерттеу материалдарын жеткізу қызметін төлеуі қажет.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2057
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4115