Бұл туралы мемлекеттік БелТА агенттігі хабарлады.
Жиналыс кезінде Лукашенко қағазға жазылған баяндамасын бір сәт ысырып қойып, соңғы кездері президент әкімшілігінің, өзінің баспасөз хатшысының және Республика кеңесі төрағасының жұмысы таңдандырып жүр деп мәлімдеді. Оның пікірінше, шенеуніктер елде және әлемде болып жатқан оқиғаларда дұрыстап түсіндіруі тиіс.
"Біз осы елдің қожайынымыз. Міндеттеріңді дұрыстап атқарыңдар. Атқара алмасаңдар, солай деп айтыңдар. Басқалары атқарады. Үкіметте де, сыртқы істер министрлігіндегі шенеуніктердің барлығы президенттің командасын күтеді. Елге құрметіміз осы ма? BBC, Азаттық [Радиосы], Азат Еуропа және басқалары, сол секілді стримдер. Біржақты ақпаратын былай қойғанда, олар жаппай тәртіпсіздікке үндеп жүр ғой. Бұған қалай шыдап жүрсіңдер? Оларды осында тіркеуге алған сендер емес пе?" - деп мәлімдеді Лукашенко.
Ол сайлау науқанының аяқталғанын күтпей, шара қодануды талап етті. "Халықты "майданға" шақырып, біздің заңды сақтамайтын болса, елден шығарып жіберіңдер", - деп мәлімдеді Лукашенко.
Беларусьте президент сайлауы науқаны жүріп жатыр. Александр Лукашенко қатарынан алтыншы мәрте президент қызметін атқарғысы келеді. Оның басты қарсыластары сайлауға жіберілмеді, көбісі қамауда отыр. Елде наразылық акциялары көбейді. Оған қатысқандар мен хабар таратқан журналистерді ұстап жатыр.
Бұның алдында 200-ден астам журналист биліктен БАҚ өкілдерін қудалауды доғаруын талап етті. Сайлау науқаны кезіндегі екі айда ондаған журналист ұсталды, олардың арасында Азаттық радиосы Беларусь редакциясының қызметкерлері де бар.
Беларусь президентін сайлау 9 тамызда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы 14 шілдеде президент қызметінен үміткерлерді тіркеді. Олар: Светлана Тихановская, Андрей Дмитриев, Анна Канопацкая, Сергей Черечень, Александр Лукашенко.
Abai.kz