Сенбі, 23 Қараша 2024
3551 2 пікір 24 Шілде, 2020 сағат 18:51

Бас мүфти Шорнақ пен Сәтбаевтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шорнақ пен Сәтбаевтағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Кеше ғана тағы да қабырғамызды қайыстыратын, жанымызға бататын жағдайлар жөнінде естіп қалдық. Сәтбаев қаласында болған жағдай, Алла сақтасын. Түркістан облысында болған жағдай. Осы тұста біз барынша сабырлық танытайық. Біз – құқықтық мемлекетпіз. Қылмыскерлер жазасын міндетті түрде заң аясында алатын болады. Тек бұл кезде тәртіп сақтамай, байқамай бір кішкентей жағдайды үлкенге айналдырып алмайық. Осы тұста құқық қорғау органдары да ашық қарап, халыққа шынайы ақпарат берсе деген үміттеміз», - деді ол.

Бас мүфти осы күнге дейін еліміз Мемлекет басшысымен бірігіп, қабылданған шешімдерге бойұсынып, аман-есен келе жатқанын айтты.

«Бұл жағдайдан да өтеміз. Тек рухымыз биік болсын. Өзіміз бен отбасымыздың, бала-шағамыздың, ағайынның амандығын ойлайық. Бұл кез де артта қалады. Отанымыздың мәңгілік болуын Алла нәсіп етсін» , - деді ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417