Сенбі, 23 Қараша 2024
1644 0 пікір 14 Шілде, 2020 сағат 17:19

Еріктілер оттегі аппараттарының санын 1000 данаға жеткізуді жоспарлап отыр

Есім-сойы елге танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бастама көтеріп, қолға алынған қайырымдылық акциясы бүгінде халықтық сипат алып, ашық көңіл, кеңқолтық қайырымды азаматтардың қолдануына ие болғаны белгілі.

Бүгін түнде Түркиядан 125 оттегі аппары тиелген арнайы ұшақ Елорда әуежайына кеп қонды.

Шараны ұйымдастырушы Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, алғашқыда медициналық құралдарды жеткізуде бірлі-жарым қиындықтан туындаған. Еріктілер тобы қаржы жинау жұмыстарын ұйымдастырған. Ал сатып алынған аппараттарды шекара арқылы рәсімдеуде кедергілерге тап болған. Кейін бұл іске ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері араласып, құжаттарға қатысты барлық мәселелерді жедел арада шешкен.

Айнұр Тұрсынбаева: отбасы, қызы, бет күтімі, тренинг, биографиясы

«Рас, сапасыз аппараттарды немесе дәрі-дәрмектерді пайдалануда ондай тәуекелге баруға болмайды. Жауапкершілік бар. Сондықтан Қазақстанға шетелден әкелінетін барлық дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарға бақылау болуы, олардың әрқайсысының құжаттары болуы тиіс. Біз мұны жақсы түсінеміз. Өйткені, адамдардың өмірі осы аппараттарға байланысты болып отыр.

Шындығында, бізде бұған дейін тәжірбие болған жоқ. Сондықтан, біз ол меджабдықтарды жеткізуде кейбір мәселелерді ескермедік. Бірақ, қазір қүұзырлы министрліктердің араласуымен, бұл мәселелер сәтті шешілді. Сатып алған медициналық жабдықтардың алғашқы бөлігі Елордаға жетті.

Айта кету керек, бұл ел болып, бірлесе атқарған ауқымды іс. Енді елдегі еріктілер бұл аппараттарды мұқтаж мекемелерге жеткізумен айналысатын болады. Бұл асар арқылы жиылған ақшаға сатып алынған аппараттар. Біз осындай қиын кезде бір-бірімізді қолдауымыз керек», - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Айта кетейік, аталған оттегі консентраттарының елге жеткізілуіне және құжаттық рәсімдеуіне қол ұшын берген азаматтардың бірі -  Сенат депутаты Дана Нұржігіт ханым. Ол медициналық аппараттарды еріктілер тобымен бірге Елорда әуежайынан күтіп алған.

Бастамашыл топ, құжаттық қиындықтарға тап болған кезде елге жеткізілген аппараттарды «СҚ-Фармация» компаниясына өткізбестен, еріктілер арқылы таратуға рұқса сұрап, сенаторға хабарласқан.

Сенатор өз кезегінде, дәл осындай өтінішпен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, Президент әкімшілігіне жүгінген. Нәтижесінде, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың араласуымен, барлық мәселелер оң шешілген.

Аталған шараға Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, ПӘ-нің өтініштерді қабылдау бөлімінің басшысы Тамара Дүйсенова, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі т.б. мемлекеттік мекемелер араласып, қол ұшын берген.

Дана Нұржігіт: Бейсен Құранбектің анасы шыдамай, ұлының қырқына ...

«Бұл күрделі жағдай. Сондықтан ерешк шешімдерді қажет етеді. Еріктілер тобының бұл ісі – өзге де мемлекеттік аппараттар үшін үлгі боларлық.

Адамдар – осындай қиын кезде індетпен бетпе-бет, жеке қалмайтынын, олаға ел азаматтары, Мемлекет көмектесітінін сезінуі керек.

Әрине, заң әркез үстем болуы тиіс. Дәл осы «Екінші тыныс» шарасы – соындай пандемия кезінде жедел іс-шаралар үшін құқықтық кеңістік әзірлеу керектігін көрсетіп отыр.

Бұл коронавирус ешкімді әлеуметтік статусына бөліп қарамайды. Ең алдымен біз адамбыз. Сондықтан, пандемия кезінде осындай шараларға түсіністікпен әрі жанашырлықпен қолдау көрсету керек!», - дейді Дана Нұржігіт.

Айта кетейік, еріктілердің бастамасымен елге жеткізілген оттегі консентраттарын Елорда әуежайынан сенатор Дана Нұржігіт күтіп алды. Бұл аппараттар «СҚ-Фармация» компаниясына берілмейді. Оларды таратумен еріктілер тобы айналысатын болады.

Айнұр Тұрсынбаева бастама көтеріп, қолға алынған шара алдағы уақта да өз жалғасын таппақ. Еріктілер тобының айтуынша, қайырымдылық акциясына жиналған ақшаға тағы 850 оттегі аппараттары алынбақ. Олар Қытайдан 2 аптаның ішінде жеткізіледі. Еріктілер осындай аппараттардың жалпы санын 1000 данаға жеткізуді жоспарлап отыр екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522