Сейсенбі, 30 Қараша 2021
Жаңалықтар 1759 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 06:06

Нұртас Иманқұл. Қазақ тілі, сайлау және Ертісбаев

1.     «Экспресс» К» газетінде (№ 164, 9.09.2011) ауызы скотчпен желімделген Пушкин портрет» тағы да сол «Экспресс» К» газетінде (№224, 2.12.2011) қайта басылды. Ланга Черешкайтенің (Ақтау) «Тілді алу» деген есерсоқтық мақаласы жарияланған: «Көптеген жас жеткіншектердің карьерасы дәл осы орыс тілін жетік білмеуден өрге шаппайтыны белгілі ғой. Кім не айтса, соны айтсын, бірақ орыс тілінсіз - күн қараң. Ол ғылым тілі» (?!)

Ланга!

Сонда Қазақстанда орыс тілі - ғылым тілі, ал қазақ тілі - жоқ қой? Бұл барып тұрған шовинизм! Егер толық қанды қызмет етсе чукча тілінде де ғылым жасауға болады. Егер кез келген халықтың дамыған әдеби тілі болса, онда ғылым тілі - түкке тұрмайтын тіл, оны оңай ендіруге болады. Сен ресей академигі В.С. Степиннің сандырағын қайталап тұрсың, мен оған украин тілі - ғылым тілі десем, ол маған украин тілінде ғылым жасауға болмайды деп мылжыңдаған.

2.     «Свобода слова» газетінің бас редакторы Е. Рахымжановтың (№ 44-45, 1.12.2011) «Одақ және тіл туралы» деген мақаласынан: «Менің жеке пікірім сол, Қазақстанда орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болу керек. Дауласпаймын, менің пікірім субъективті, өйткені, орыс тілі - менің ана тілім, ... Тек тұрмыстық деңгейге (?!) ғана қолдануға жарайтын, онда да өте қиындықпен, қазақ тіліне өту дегеніміз, бәрімізді екінші сорттық (?!) азаматқа тез айналдырумен тең. Ал бұл дегеніміз жеке түйсік талабы болсын, халықаралық демократиялық талаптары (?!) болсын бәрібір комильфо (сыпайылық) емес, өйткені анықтама бойынша тіл белгісі бойынша кез келген сегрегация (бөлектеу), (?!) қысым жасау (?!) расизм (?!) көріністерінің бірі болып табылады».

Екі мәрте «мәртебелі» Евгений! Фамилияңды масқаралама! Рахим, арабша шапағатты дегенді, ал ол Алланың ғажайып есімдерінің бірі - «әрқашан шапағатшыл, шексіз шапағат иесі» дегенді білдіреді. Менің қазақ тіліме тиіспе! Ланге Черешкайте және Евгений Рахымжанов сияқтылар туралы жолдас В.И. Ленин дұрыс айтқан: «Орыстанған бұратаналар шынайы орыстық көңіл-күй мәселесінде әрқашан шектен шығып кетеді» деп.

3.     Дежа-вю. Жолдас И.В. Сталин дұрыс айтқан: «Қалай дауыс беру маңызды емес, қалай дауысты санау маңызды» деп. Құрметті «Әділет», «Ауыл», Патриоттар партиясы - сіздер статисттерсіздер, бәріңізге 1,7 % артық берілмейді. ЖСДП және «Руханият» - сіздер «ұшып» кетесіздер, лимиттеріңіз - 6,37%. Болат! Өздеріңіздің жақтастарыңызды 2012 жылғы 16 қаңтар күні болатын наразылық шеруіне дайындай беріңіздер, өйткені сіздер айтып жүрсіздер ғой: «енді бұдан былай бұрмалауға (фальсифацияға) шыдамаймыз» деп.

Мұхтар-аға!

Сайлауға түспеу керек еді. Не қажеті бар? Егер Сізге билік уәде берсе, оны тағы да 20 жыл күту керек. Егер парламентке өтпей қалсаңыз, бар қазақты бірінші болып Е.Ертісбаев қорлайды: «міне, қазақ тілінің жанашырлары, тіпті, М. Шахановқа да қолдау көрсете алмадыңдар» деп.

Нұртас ИМАНҚҰЛ

Философия докторы,

Астана қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір