Бейсенбі, 1 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107908. Жазылғандар — 102874. Қайтыс болғандар — 1725
2611 1 пікір 6 Тамыз, 2020 сағат 10:37

Шекарада орын алған төбелестен кейін мигранттардың Қазақстан аумағынан өтуіне рұқсат етілді

Қазақстан Ресеймен шекарада бөгеліп қалған мыңдаған қырғыз және өзбек мигрантының наразылығынан кейін оларға аумағы арқылы өтуге рұқсат берді.

Қазақстанның Ресейдің Орынбор және Самара облыстарымен шектесетін аумағында үш мыңнан астам қырғыз және өзбек мигранты жиналып қалғаны айтылған еді. 3 тамыз күні таңертең олар күшпен шекарадан өтпек болды. Бірақ шекарашылар мигранттарды кері қайтарды.

Видеодан адамдардың жолдың бойында айқайлап, наразылық білдіріп жатқаны, шекара қызметкерлерінің оларды кері қайтарып жатқанын көруге болады. Ресей гвардиясының ресми өкілі Валерий Грибакин сарбаздардың араласуымен төбелесті дер кезінде тоқтаттық, ешкім зардап шекпеді деп мәлімдеді.

"Қырғыз бен өзбек тарабы 27 шілдеде және 3 тамызда Ресейдегі азаматтарын шығарып алу үшін транзит дәлізін сұрады", – деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, өтінішті қабыл алып, 4-5 тамызда Қырғызстанның 2435 азаматын аумағы арқылы өткізуге рұқсат берген. Ал 2,2 мың өзбекстандықты пойыз арқылы еліне жетуіне мүмкіндік берген.

Коронавирус пандемиясына байланысты Ресейде көптеген мигранттар жұмыссыз қалды. Сол себептен олар отанына оралуды жөн санаған.

Abai.kz

1 пікір