Алматы мен Барселона бауырлас қалалар атануы мүмкін
Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ - Алматы мен Барселона бауырлас қалалар атануы мүмкін, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі.
«Барселона мэриясының халықаралық қатынастар департаментінің директоры Хоаким Лиманеспен кездесу барысында муниципалдық деңгейдегі байланыстарды дамыту талқыланған мәселелердің негізгісі болды. Атап айтқанда, Алматы мен Барселонаның арасында бауырластық байланыстарды дамыту және қызмет көрсету, туризм және спорт салаларындағы, 2017 жылғы универсиаданы өткізуге дайындық шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі талқыланды», - делінген ҚР Испаниядағы елшісі Ерғали Бөлегеновтың Каталония автономдық қоғамының басшылығымен кездесуінен кейін таратылған баспасөз хабарламасында.
Каталония үкіметінің төрағасы Артур Масқа сілтеме жасап хабарланып отырғандай, «каталониялық бизнесмендер Қазақстанмен байланыстарды дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр».
«...Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, бұл бағыттағы жұмысқа екі елдің шағын және орта бизнесі өкілдерінің қатысу белсенділігін арттыру керектігін атап көрсетті», - делінген баспасөз хабарламасында.