Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2938 0 пікір 8 Желтоқсан, 2011 сағат 04:37

САЙЛАУ

2012 жылдың 15 қаңтарындағы Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысты сайлау науқанын жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау туралы ХАРТИЯ

2012 жылдың 15 қаңтарындағы Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысты сайлау науқанын жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау туралы ХАРТИЯ

Сөз бостандығының адамның ажырамас құқығы болып табылатынын ескере отырып;
ақпаратты іздеу, алу мен тарату еркіндігін беретін Адам құқығының баршаға ортақ декларациясының 19 бабын ескере отырып;
Республикасы Конституциясының сөз бостандығы, заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алу және тарату еркіндігі, цензураға тыйым салу, республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді, деген баптарын басшылыққа ала отырып;
ақпараттың адам құқығы мен еркіндігін жүзеге асыруда, азаматтық қоғам, демократиялық және құқықтық мемлекет құруда, таза және әділ сайлау өткізуде ең басты рөл атқаратынына назар аудара отырып:
біз, Қазақстан журналистері мен БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сайлау өткізілетін кезеңде осы Хартияның қағидаларын сақтау міндеттемесін аламыз.
1. Осы Хартия Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Хартияның негізгі мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдарының қазақстандықтарға сайлау үрдісі, сондай-ақ мәслихат депутаттығынан үміткер партиялар мен кандидаттардың жұмысы туралы дұрыс, толық та шынайы ақпарат жеткізуін қамтамасыз ету.
3. БАҚ өзінің партиялық тізімін жариялаған барлық партиялардан, саяси көзқарастарына қарамастан мәслихат депутаттары кандидаттарынан ақпарат ала алады, ол ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз етуге атсалысуы тиіс.
4. Осы Хартия БАҚ-тың сайлау үрдісін барлық жағынан кәсіби және шынайы көрсетуі үшін керек.
5. Осыған байланысты, біздер Қазақстан журналистері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері сайлауды жариялау кезінде келесі қағидаларды ұстанатынымызды мәлімдейміз:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын мүлтіксіз сақтау;
2) сайлау тақырыбына арналған барлық редакциялық материалдардың шынайы, бейтарап, сондай-ақ барлық партиялар мен мәслихат депутаттары кандидаттарына әділетті болуына ықпал ету;
3) тұлғаларға нұқсан келтіретін ақпаратты таратпау;
4) лауазымды тұлғалардың жұмысы мен кандидаттардың, партиялардың сайлауалды үгіт-насихатын айқын ажырату;
5) ақпарат көздерін тексеру, әсіресе, олар күдік тудырған жағдайда;
6) үгіт-насихаттық жарияланымдар мен ақпараттық хабарлар арасындағы айырмашылықты айқын білу;
7) сайлау учаскелерінен шыға берісте сауалнамалар нәтижелері туралы материалдарды таратпау немесе дауыс беру күні мен оған дейінгі бес күннің ішінде алдын ала нәтижелер туралы материалдар таратпау.
6. Осы Хартия өзара әрекет ететін барлық тараптарды мойындау мен олардың мүдделерін есепке алу, жоғары саяси мәдениет, шынайы және толық ақпаратпен жұмыс істеуге, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас жүйесін құруды көздейді.
Хартия адамның жалпы құқықтары мен еркіндіктерінің, қоғам мен мемлекеттің сөзсіз басымдығына бағытталған және саяси өзара ықпалдастық саяси проблемалардың күшпен шешілуіне жол бермейтін өзара келісімдік негізді көздейді.
Осы Хартияның қол қою үшін ашық екенін атап өту керек.

Астана қ. 5 желтоқсан 2011 ж.

http://www.aikyn.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406