Коронавирустың екінші толқыны бола ма?
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирустың екінші толқынына қатысты жаңа болжам туралы айтты.
«Бұл болжам (шамамен) шілде айында жасалды. Одан әрі реанимациялық төсек-орындарды және COVID-19 белгілері бар науқастарды емдеу үшін барлық ресурстарды орналастыру жоспарланған», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бирабекова ОКҚ-дегі онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл болжам жаңартылуда.
«Біріккен статистикаға жүгінетіндіктен, біз қайта есептеуіміз керек. Бүкіл әлемде айтылатын екінші толқынды біз күз мезгілінде деп жобалаймыз. Осы уақытта маусымдық аурулар басталады. Олар: вирустық инфекциялар, тұмау, парагрип. Осыған орай, жаңа болжам жасалды.Оны біз жақын арада жариялаймыз», - деді Бюрабекова.
Abai.kz