Сенбі, 23 Қараша 2024
2905 1 пікір 10 Тамыз, 2020 сағат 14:04

АҚШ Елшісі «Абай күні» мерекесімен құттықтады

Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық өкілдігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап, Абай идеяларының қазіргі әлеммен байланысын көрсету, қазақтың ұлы ақынының шығармашылығын дәріптеу және оны тану мақсатында әлеуметтік желідегі #Abai175 науқанын аса құрметпен қолдайды.

«Желсіз түнде жарық ай» – АҚШ Елшісі Уильям Мозердің сүйікті әндерінің бірі. Елші мырза өлеңді ағылшын тілінде 2019 жылы оқыған болатын.

«Аса құрметті қазақстандықтар! Сіздерді өзгеше, жөні бөлек мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – Абай күні мерекесі! Бұл мереке – руханият пен мәдениеттің, поэзияның, Абай Құнанбайұлы салған жақсы дәстүрдің жаңғыруы, жалғасуы. Біз келешекте де Елшілікте Абай күнін атап өту үшін, Абай дәстүрін жаңғыртқымыз келеді. Абай ақын Тоғызқұмалақ ойнаған. Міне, жыл сайын Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырмақ ойымыз бар. Одан кейін, міндетті түрде дастархан басында жиналып, бауырсақ пен қымызды ортаға салып, домбыра шертіп, Абай әндерін айтамыз. Абайдың қара сөздерін оқып, талдаймыз. Абай армандаған «Кемел адам тәрбиелеу» – адамзаттың парызы. Осыны қазіргі пандемия жағдайы да қатты түсіндіріп отыр» - деп АҚШ Елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды 10-шы тамыз – Абай күні деп белгіленген ресми мерекемен құттықтады.

Тоғызқұмалақты да меңгере бастаған Елші, өз құттықтауын Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтады:

…Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Сонымен қатар, Алматыдағы АҚШ Бас Консулы Эрик Майер де ұлы Абайдың мерейтойына арналған құттықтауларға қосылып, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын танып білуге деген ынтасы жайында айтып, Абайдың «Жүректе қайрат болмаса» өлеңін америкалық әріптестерімен бірге оқыды.

Айта кетейік, өткен аптада әлеуметтік желі қолданушыларын қазақ тілінде ойшыл Абайдың шығармашылығын орындап, оқырмандарды тәнті қылған америкалықтар Fulbright Foreign Language Teaching Assistant қатарынан. FLTA- бұл АҚШ Мемлекеттік департаментінің қазақстандықтарға АҚШ-қа барып, қазақ тілін оқытуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламасы. Бағдарлама кезінде қазақ тілін оқып, мәдениетімен танысқан америкалықтар Қазақстанға келіп, ағылшын тілін үйретеді.

  • «Жүрек— теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас»өлеңін Фулбрайт бағдарламасының қатысушысы, екі жыл бойы АҚШ-та қазақ тілін оқып, кейін Ақтауда ағылшын тілінен сабақ берген Абигаиль оқыды.
  • «Өлең сөздің патшасы»атты өлеңді Қазақстаннан Fulbright FLTA бағдарламасымен барған Қазақстандық мұғалім Ғалия Дәулеттің көмегімен тілді үйренген Людвиг оқып берді.
  • «Ерекше естен кетпес қызық қайда?»оқыған Бретт Вестбрукке Fulbright FLTA бағдарламасы бойынша барған Асем Ижмуханова сабақ берді.
  • «Ғылым таппай мақтанба»– Fulbright FLTA студенттері Джошуа Дюфо мен Джесси Уессо оқыды.
  • «Жүректе қайрат болмаса»– Брэндис қазақ тілін жақында ғана оқи бастаса да, аса зейін қойып, тамаша нәтиже көрсетіп үлгерді.
  • «Көзімнің қарасы»әнін шырқаған америкалық Грей Гаррет, Абайдың танымал әнін укулеледе орнап, оны көптеген елдерде шырқағанын естеріңізге тағы да саламыз.

Қазақстандағы Америка Бұрыштарында (American Corner and MakerSpace) да ұлы Абайдың мерейтойын атап өту үшін, ақын салған әдет-дәстүрді, оның философиясын жалғастыру, жаңғырту және дәріптеуге, Абайтануға арналған іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық өкілдігі #Abai175 қолдап, келер күндері тағы да тосын сый дайындап отыр. Барлық жаңалықтарды НұрөСұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігі мен Алматыдағы АҚШ Бас Консулдығының парақшаларынан таба аласыздар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446