Отан отбасынан басталады
Шырайлы өлке шығыс Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы қарсаңында түрлі әлеуметтік, халықтық шаралар өткізіп, мерейлі мерекені есте қаларлықтай етуге жұмыс жасап келеді. Соның бірі - «Отан отбасынан басталады» деп аталатын жанұялық ансамбльдер фестивалі. Ертең фестивальдің арнайы ашылып, төмендегідей аталымдар бойынша өтпек.
«Абай-ақпарат»
2011 жылдың 9 желтоқсанында сағат 17.00-де Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Отан отбасынан басталады» отбасылық ансамбльдер фестивалі өткізіледі.
Фестивальдің мақсаты мен міндеті:
Шырайлы өлке шығыс Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы қарсаңында түрлі әлеуметтік, халықтық шаралар өткізіп, мерейлі мерекені есте қаларлықтай етуге жұмыс жасап келеді. Соның бірі - «Отан отбасынан басталады» деп аталатын жанұялық ансамбльдер фестивалі. Ертең фестивальдің арнайы ашылып, төмендегідей аталымдар бойынша өтпек.
«Абай-ақпарат»
2011 жылдың 9 желтоқсанында сағат 17.00-де Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Отан отбасынан басталады» отбасылық ансамбльдер фестивалі өткізіледі.
Фестивальдің мақсаты мен міндеті:
- Отбасын белсенді қоғамдық және мәдени қызметке тарту;
- Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, салауатты өмір сүру салтын сақтау;
- Отбасылық көркем шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, отбасылық шығармашылық байланыстарды арттыру;
- Отбасылық-шығармашылық қарым-қатынастардың сабақтастығын сақтау және дамыту;
- Өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру;
- Отбасылық ұжымдарға қолдау көрсету;
- Отбасылық шығармашылық саласындағы жетістіктерді көпшілікке дәріптеу, отбасына бос уақытты ұйымдастырудың жаңа түрлерін дамыту және тарату.
Күтілетін нәтиже:
- өңірлің және жергілікті деңгейлерде отбасы саясатын әзірлеудің және іске асырудың тиімділігін арттыру;
- мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың отбасымен жүргізген өзекті жұмыстарының мәртебесі мен тиімділігін арттыру;
- отбасына бағытталған қызметтің және нақты іс жүзіндегі әртүрлі салаларындағы жетістіктерді насихаттау;
- жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ ғылыми және оқу орталықтармен отбасына бағытталған құрылымдық байланысты кеңейту;
Фестивальге қатысушылар:
Фестивальге облыстың әр аудандары мен қалаларынан көркемөнерпаздық шығармашылықпен, кәсіби өнермен айналысатын отбасылар мен отбасылық құрылымдар қатысады. Олар:
1. Құрманғалиевтар жанұялық ансамблі, Өскемен қаласы - 5 адам
2. Семейный ансамбль Никитиных, Шемонайха ауданы - 4 адам
3. Баталовтар жанұялық ансамблі, Бесқарағай ауданы - 3 адам
4. Сәбитовтер жанұялық ансамблі, Тарбағатай ауданы - 19 адам
5. Ильяшевтар жанұялық ансамблі, Бородулиха ауданы - 4 адам
6. Семейный ансамбль Филимоновых, Зырян ауданы - 5 адам
7. Ноғайбаевтар жанұялық ансамблі, Семей қаласы - 12 адам
8. Ахметовтар отбасы, Күршім ауданы - 4 адам
9. Смағұловтар жанұялық ансамблі, Ұлан ауданы - 4 адам
10. Сахамановтар жанұялық ансамблі, Глубокое ауданы - 4 адам
11. Омаровтар жанұялық ансамблі ,Семей қаласы - 5 адам
12. Серікқалиевтар отбасы, Катонқарағай ауданы - 7 адам
13. Маман және Арайлым Қайрат отбасы, Курчатов қаласы - 2 адам
14. Ахтемировтар отбасы, Аякөз ауданы - 2 адам
Қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталады:
Ø «Әртiстiк қасиетi үшiн»;
Ø «Көрермен көзайымы»;
Ø «Күмiс көмей, жез таңдай»;
Ø «Ата мұра» өнерлі елдің еркесі;
Ø «Отан отбасынан басталады»;
Ø «Жанұя ынтымақтастығы»;
Ø «Жанұя жанның шуағы»;
Фестивальді ұйымдастырушылар:
1. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі;
2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы;
Фестивальге қатысты қосымша ақпаратты 8(7232)-26-30-63, 53-74-42, 53-74-43 телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар