3 мыңнан аса адам мәслихат депутаты болғысы келеді - ОСК
Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ - 8 желтоқсандағы жағдай бойынша, 3 мыңнан аса адам мәслихаттардың депутаттық мандаттарына үміттенеді, деп хабарлады ҚР орталық сайлау комиссиясының (ОСК) баспасөз қызметі.
«ОСК-ға түсіп жатқан мәліметтерге сәйкес, 8 желтоқсанға дейін мәслихат депутаттығына 3056 кандидат ұсынылды», - делінген бейсенбі күні баспасөз қызметінің ақпаратында.
Оның ішінде, облыстық мәслихаттарға 300 адам, Астана мәслихатына - 25, Алматы мәслихатына -37, аудандық мәслихаттарға 2252 кандидат ұсынылды.
Кандидаттардың ішінде 830 -ы - «Нұр Отанның» мүшесі, 17-сі - ҚКХП, 12-сі - «Ақ жолдың», 7-еуі - «Ауылдың», 3-еуі - Қазақстанның патриоттар партиясының, 1-еуі - ЖСДП мүшелері.
Қазіргі уақытта мәслихат депутаттығына кандидаттардың 39-ы тіркелді.