Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 1847 1 пікір 10 Тамыз, 2020 сағат 16:19

Абайдың 175 жылдығына орай өткен Мысырдағы вебинарға Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторы қатысты

Таяу күндері Мысыре елінде Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлы  ақыны, ойшыл философ Абайдың туғанына 175 жыл» атты вебинар өтті.

Онлайн форматта өткен шараға Қазақстан тарапынан Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторы Құрманғазы Садыбаев пен Әл-Фараби университетінің PhD докторы Ықтияр Палтөре қатысты.

Одан өзге аталған вебинарға қатысушылардың ішінде Мысыр елінің білікті тіл мамандары мен әдебиетшілер және оқу-ағарту ісіндегі қайраткерлері де болды.

Кемеңгер тұлғаның 175 жылдығына орай  Қ.Садыбаевтың тәржімалауымен ақынның өлеңдері мен поэмалар жинағы, ал қара сөздері Ы.Палтөренің аударуымен араб тілінде  оқырманға ұсынылады.

Кітап Біріккен Араб елдері лигасы мен Қазақстандағы Ұлттық аударма бюрасы қоғамдық қорының  жетекшілгімен жақын күндері жарық көреді.

Еске салсақ, Абайдың шығармаларын әлемнің он тіліне аудару ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен ұлы қазақ ақыны және ойшылының 175 жылдығына орай жүзеге асырылды.

Бұл туралы Мысырдағы «Ахбарул йәум» газетінде жарияланды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541