Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2356 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 02:24

Ермұхамет Ертісбаев: "Дамудың даңғыл жолы – Еуроазиялық одақ"

Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Ресейдің және Украинаның саясаттанушыларымен өткен онлайн-конференция барысында Қазақстан үшін дамудың жалғыз жолы туралы өз пікірін ортаға салды. Кеңесшінің ойынша, қазақстандық дамудың даңғыл жолы Еуроазиялық одақ аясында өмір сүру көрінеді.

«Еуроазиялық одақ -- басты мүддеміз ғана емес, өмірлік-стратегиялық мұрат-мақсатымыздың өлшемі. Бажсалығынсыз 160 миллион тұрығыны бар нарықты игеріп, Ресей мен Беларустің тұтыну кеңістігін жаулап алудан өзге жол жоқ. Бұл - шағын және орта бизнеспен ірі өнеркәсіпті әлеуеттендірудің мүмкіндігі», -- дейді Ертісбаев.

Естеріңізге сала кету парызымыз, 1994 жылы аталған одақ турасында Елбасымыз ұсыныс жасаған болатын. Елбасымыздың ол ұсынысына КСРО-ны күйретіп берген РФ президенті, марқұм Борис Ельцин уағында пәлендей ынта таныта қоймаған еді. Есесіне, орыс ұлтының империялық рухын қайта оятқан Путин мен Медведев одақ құрудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлуде. Бұрынғы бірлікті нақты тірлікке ұластырып, жаңарту жайында өткен күзде Назарбаев, Медведев, Лукашенко жаңа декларацияға қол қойды.

Еуроазиялық одақ Еуропалық одаққа балама ретінде 2015 жылдан бастап ілгерідегі постсоветтік елдердің шеңберінде өмір сүретін болады. Ресей басылымдары қазі ілкіде-ақ іргесі сөгілген советтік елдердің аумағында Еуроазиялық одақтың  саяси белсенді ұйым ретінде көрінетінін жарнамалап бағуда. Ал, Еуропалық одақтың сарапшылары Еуроазиялық одақтың болашағына күмәнмен қарайды. Мысалы, еуропалық саяси орталықтың бас кеңесшісі Фрейзер Кэмерон: «Еуразиялық одақты қалайша жетекші елдердің бірлестігі деп атауға болады? Беларуссияда қандай жетістік бар? Бұл  - диктатура. Диктатура жайлаған елдермен Еуропадағы  мемлекеттер салмақты қарым-қатынас жасай алмайды», - дейді.

Қазақстандық дамудың даңғыл жолы жөнінде өз пікірін ашық айтқан Ертісбаев қаңтардың 15-інен кейінгі сайлаудың ертесінде үкімет басына Құлыбаев пен Шүкеевтің бірі тағайындалады деп болжам жасаған болатын. Мәсімов Кедендік одақтың жұмысымен Мәскеу кететінге ұқсайды. Ендігі бір сөз Мәсімов Алматы қаласына әкім болып келеді дегенді меңзейді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456