Бейсенбі, 15 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2804 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 06:43

Президент Астанада жолаушылар вагонын шығаратын «Тұлпар-Тальго» зауытын ашты

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ - ҚР президенті Н. Назарбаев Астанада жолаушылар вагонын шығаратын «Тұлпар-Тальго» зауытын ашты және цехтарда жиналған алғашқы 9 вагонның түрлерін көрді.

Н.Назарбаев зауыт қызметкерлеріне табыс тілей отырып, бүгін бірнеше кәсіпорын ашылатынын және бұл зауыт солардың ірілерінің бірі екенін атап өтті.

«Тұлпар-Тальго» зауыты «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ кәсіпорны мен испандық «Патентес Тальго С.Л.»компаниясымен бірлесіп салынды.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 150 вагон шығара алады, вагондардың конструкциялық жылдамдығы 200 км/сағ.

«Доңғалақтарды ілудегі тәуелсіздік, вагондардың шарнир арқылы бірігуі, Қазақстан ауа райына бейімдеп жасалуы жолаушыларға жолда жайлы әрі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Зауыттың техникалық менеджменті Испанияда оқып жатыр. Қазірге ондай оқудан 30 адам өтті. Зауыттың жалпы территориясы 21 га, өндірістік бөлмелердің ауданы 31 мың шаршы метр», - делінген ҚТЖ жұма күні таратқан хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2635
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4302