Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2052 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 06:44

Женевада БҰҰ бас хатшысының орынбасары ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен марапатталды

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ - Женевада БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) атқарушы хатшысы Ян Кубиш ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі.

«...Министрдің (ҚР сыртқы істер - ҚазТАГ) орынбасары Қайрат Омаров Ян Кубишке салтанатты жағдайда БҰҰ ЕЭК мен Қазақстанның қатынастарын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін  «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалін табыс етті», - делінген баспасөз қызметінің жұма күні таратқан ақпаратында.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қ. Омаровтың Я. Кубишпен екіжақты кездесуі Женевада өткен.

«Қазақстандық дипломат Я. Кубишті БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы етіп тағайындалуымен құттықтады.

Я. Кубиштің Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК-тың арасындағы ынтымақтастықтың қарқынын арттыруға елеулі ықпал еткені атап көрсетілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475