Сенбі, 23 Қараша 2024
3100 4 пікір 13 Тамыз, 2020 сағат 14:31

«Жолаушылар тасымалын» тағы да шетелдік адам басқарады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің шешімі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының келісімі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа бас директоры болып DB Engineering&Consulting Азия-Тынық мұхиты аймағының дирекциясын басқарған неміс маманы Питер Штурм (Peter Sturm) тағайындалды.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы бапасөз қызметінің хабарлауынша, теміржол көлігі және халықаралық тасымалдау саласында еңбек өтілі бар П. Штурм, 25 жыл бойы халықаралық компанияларда түрлі басқару қызметтерін атқарған.

«Питер Штурм 25 жыл бойы халықаралық компанияларда түрлі басқару қызметтерін атқарған. Бұған дейін ол инновациялар мен өзгерістерді енгізудегі жауапты бөлімшелерді басқарды, жылжымалы құрамды сатып алу және қызмет көрсету, ақпараттық технологияларды енгізу, теміржолдарды пайдалану және т. б. салаларда қызмет атқарды», - деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Онлайн режимінде алғашқы аппараттық кеңесін өткізген жаңа басшы «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоға қарасты ұйым басшыларының жолаушыларға сервистік қызмет көрсету сапасына, яғни жолаушылар вагондарын жуу мен жинау және төсек-орынның сапасына баса назар аударды. Жолаушылар пойыздарындағы төсек-орын жабдықтарымен және жұмсақ алмалы-салмалы мүкәммалмен жабдықтау сапасы, сондай-ақ клининг және санитарлық-гигиеналық құралдармен жарақтандыру бойынша енгізілетін жаңа стандарт мәселелері компания басшылығының тұрақты бақылауында болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін басшы болған Михаэль Кортюм денсаулығы мен жеке жағдайларына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры қызметінен кетуге шешім қабылдады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511