Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2177 0 пікір 10 Желтоқсан, 2011 сағат 12:05

Ресей төңкеріске тіреліп тұр

Мемлекеттік думаға сайлау аяқталысымен «сайлау әділетсіз өтті» деп таныған саяси қозғалыстар мен азаматтар митинг ұйымдастырған болатын. Мұның арты Ресейдің бүкіл аумағын қамтыған шерулерге ұласты. Бүгін Ресейдің түрлі қалаларында ең азы 300 адам жиналған митингілер өтіп жатыр. Ресейлік ақпарат агенттіктері үздіксіз хабар таратуда. Олардың дерегіне қарағанда, тек Мәскеудің Болотной алаңында 40 мың адам сайлаудың әділетсіз өткендігін айтып, саяси талаптармен жиналып тұр. Мәскеу қаласының өзге де алаңдары мен көшелері қазіргі кезде шеруілерге лық толы дейді ақпарат көздері.

Ресейдің ірі қалаларындағы алаңдарға жиналып жатқан шерушілердің саны сағат сайын өсіп келеді. Сайлаудың әділетсіздігі мен дауыстың қайта саналуын талап еткен жұрттың қолында «Путин кет!» «Путинсіз - Ресей!» «Демократия мен бостандық»  тағы басқа түрлі ұрандар жазылған қағаздар, тулар, жалаулар.

Дәл қазір Ресейдегі басталған жаппай шерудің немен тынатыны белгісіз. Шерулетіп жатқан халықтың саны: Петерборда - 5 мың адам, Новосібірде - 5 мың адам, Архангельскіде - 3 мың адам осылай тізбектеліп кете береді. Митингілердің соңы халық толқуына ұласа ма деп зәресі ұшқан орыс билігі Мәскеудің көшелеріне 60 мыңнан астам полицей мен ОМОН-ды шығарыпты.

Бүгін Алматыдағы Ресей консулдығына Алматыда тұрып жатқан осы елдің азаматтары келіп өз наразылықтарын танытыпты деген де хабар келіп түсті.

Не болса да қазақ ұлты мен мемлекетінің болашағына қауіп келмесін деп тілейік

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487