Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2843 0 пікір 19 Тамыз, 2020 сағат 15:50

Қазақстанда маска тақпағаны үшін айыппұл сомасы төмендетіле ме?

ҚР Әділет министрлігі маска тағу режимін бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын төмендету мүмкіндігі туралы әлеуметтік желідегі мәліметке жауап берді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ», - делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған.

Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой масканы қай кезде тақпауға болатындығын түсіндірген еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668