Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5573 0 пікір 12 Желтоқсан, 2011 сағат 12:23

"Мұхтар Әуезов" энциклопедиясы жарық көрді

АЛМАТЫ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Бұл келешекте жазылатын тұлғалық энциклопедияларға үлгі-өнеге болатын сияқты. Абайтанушы, филология ғылымының докторы Мекемтас  Мырзахметов бүгін Алматыда "Мұхтар Әуезов" энциклопедиясының тұсаукесерінде осылай айтты.

" Әуезовтің тағдыры да, бүкіл шығармасы да күрделі. Оны оқып,  ажырату үшін бірінші көмек осы энциклопедия болуы керек. Энциклопедияның бір жақсы жері мақалалардың көбі мамандарға тапсырылыпты, Маман жазған мақала деректі мағлұматтарды көз алдыңа елестетіп береді.  Бұл ғалымдарға да, мұғалімдерге де, студенттерге де көмекші болады", - дейді профессор М. Мырзахметов.

1995 жылы Абайдың туғанына 150 жыл толуына орай алғашқы тұлғалық энциклопедия жарық көрген еді. "Мұхтар Әуезов энциклопедиясы" "Атамұра" баспасынан шығып отырған екінші еңбек. Редакция жазушының өсіп-өнген ортасы, айналасы, шығармашылық мұрасы мен басқа да мәселелерді жан-жақты қамтыған 3 мыңдай мақала мен 500-ге жуық  суреттерді жинақтаған. Энциклопедияға әр тақырыпта мақалалар жазған авторлардың саны 200-ден асады.

"Атамұра" корпорациясы" ЖШС-нің президенті Рахымғали Абрарұлы Құл-Мұхамедтің айтуынша," Мұхтар Әуезов энцитклопедиясы" 10 томдығы бүгін ҚР Ұлттық кітапханасына  тарту етілді. Енді аудандық кітапханаларға да таратылмақ.

http://www.inform.kz/kaz/article/2425659

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498