Навальныйдың улануы һәм Путиннің қарсыластары туралы
Ресейде Никита Исаев деген бір жалындап тұрған, заманауи жастар арасынан шыққан жас қайраткер бар еді. Орыстың ток-шоуларына шығып, билікті өлтіре сынап, Путинның ит терісін басына қаптататын. Ол орыстың болашағынан үлкен үміт күттіретін жастың бірі еді.
Сол жігіт былтыр қараша айында пойызда сапарлап келе жатып, уланып, қайтыс бопты. Қылшылдап, жұлынып тұрған жігіт аяқ астынан өле салды. Оның өлімінің аяғы жұмбақ боп, сол күйі қала берді.
Путинді қатты сынағыш саясаткердің бірі Борис Немцов болатын. Оны 2013 жылы тап Кремльдің қасында атып кетті. Оның өлімінің арты да сиырқұйымшақтанып қала берді.
Бұрынғы барлаушы подполковник Александр Литвиненко. 2006 жылы Лондонда уланып өлді. Ол да Путинді қатты сынады.
Сергей Скрипаль КГБ - ФСБ полковнигі, Путинді сынады. Ол 2018 жылы уланып, әупірімдеп аман қалған жанның бірі. Қазір мүгедек.
Енді міне, бүгінгі Путиннің басты сынағышы әрі саяси қарсыласы, қоғам қайраткері, орыстың жаңа оппозициялық толқынының басшысы - Алексей Навальный ғұмырының қылшылдап тұрған шағында уланып өлім ауызында жатыр.
Олжас Әбілдің жазбасы
Abai.kz