Жексенбі, 11 Қазан 2026
Жаңалықтар 2609 0 пікір 12 Желтоқсан, 2011 сағат 12:59

Қарағанды облысында соққыдан соң сотталған азаматы қаза болған колонияның 4 қызметкері қамауға алынды

Қарағанды. 12 желтоқсан. ҚазТАГ - Қарағанды облысының АК-159/7 мекемесінің 4 қызметкері қамауға алынды. Осы түрмеде сотталған азаматы соққыдан соң қаза болған, деп ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесінің облыстық департаментінен хабарлады.

«Сотталған азаматтың қаза болуына кінәлі деп күдіктелген осы мекеменің 4 қызметкері қамауға алынды. Қылмыстық істі тексеру жалғасуда», - деді департамент бастығының орынбасары Серікбай Жаппров дүйсенбі күні.

Ақпаратқа қанық дерек көзінің мәліметтерінше, режимдік бөлімнің бастық орынбасары, айып изоляторының оперативтік қызметкері, колонияның бастығының екі көмекшісі қамалыпты. Оларға қызмет бабын асыра пайдалану бабымен айып тағылып отыр. Бұрын хабарланғандай, 3 қарашада Қарағанды облысының Долинка кентіндегі АК-159/7 мекемесінің айып оқшаулағышында бопсагершілігі үшін сотталған 37 жасар Шәміл Ярославлев қаза болды. Дәрігерлердің сот-медициналық сараптамасы бойынша сотталғанның қазасы жүрегінің жаралануынан жүрек талмасына шалдығудан болған.

Аталған факті бойынша прокуратура колонияның лауазым иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғады, оны тексерумен Қарағанды облыстық прокуратураның  арнайы прокурорының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік тобы айналысуда. Тергеуді бас прокуратура ерекше қадағалауына алды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 936
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1254