Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2029 0 пікір 12 Желтоқсан, 2011 сағат 13:15

СІМ Украинада терроризмге қатысы бар деп күдіктелген Қазақстан азаматының ұсталғанын қуаттады

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ - Сыртқы істер министрлігі Украинада терроризмге қатысы бар деп күдіктелген Қазақстан азаматының ұсталғанын қуаттады.

«Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпарат қуатталды. Оның аты-жөні Мұхитов Ардагер Бауыржанұлы, 1989 жылдың 24 наурызында туған», - деп мәлім етті ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбиболлаев дүйсенбі күні.

Оның айтуынша, Атырау облысының 22 жасар тумасы террористік қызметтің қызметіне қатысқаны үшін іздеуге жарияланған.

«Екі елдің (Қазақстан мен Украинаның - ҚазТАГ) арасындағы бас прокуратураларының арасында экстрадиция туралы келісім бар. Бұл мәселе осы келісімнің шеңберінде белгіленген мерзімде шешіледі», - деді ол.

Мұның алдында хабарланғандай, өткен аптада украиналық бұқаралық ақпарат құралдары Украина ІІМ ұйымдақан қылмыспен күрес бас басқармасына сілтеме жасап қазақстандық террористтің ұсталғаны туралы хабарлаған.

«Украина ІІМ ҰҚКББ қызметкерлері Украинаның қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп Киев облысындағы ауылдардың бірінен Қазақстанның құқық қорғау органдары террористік топтың қызметіне қатысқаны үшін іздеуге жариялаған Қазақстанның 22 жасар азаматын ұстады», - делінген БАҚ-та.

Онда атап көрсетілгендей, ұсталған азамат Қазақстанда ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып отыр.  «Ол террористік актілерге үндеумен ғана емес, адамдарды ыстық нүктелердегі соғыс әрекеттеріне қатысуға тартумен айналысқан», - делінген ақпаратта.

ҰҚКББ ақпаратына сәйкес, қазақстандық радикалдық ұйымның белсенді мүшесі болып табылады. Басылым ұйымның атауын көрсетпеген.

Құқық қорғау органдары ол азаматтың Украина аумағында қандай мақсатпен жүргенін анықтап жатыр. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517